Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру ZOOM платформасында жалғасты.
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаушылармен науқан жұмыстарын түсіндіру ZOOM платформасында жалғасты. Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Бабасов Бердихан əлеуметтік желіде конференцияға шығып, сайлаушылар сауалдарына жауап берді. Соның ішінде партия съезінде Президент Қ. Тоқаев тоқталып өткен ел экономикасы мен өңірлерді дамыту мəселесі төңірегінде салмақты əңгіме өрбітіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.


