Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында

Ақтекше ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесті. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға сайлаудың жалпы мәліметі мен депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды бағдаламасы толығымен түсіндірілді. Сонымен қатар жиынға қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

0
0
214

«Nur Otan» партиясының басты құндылығы қашанда — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі.

Сондықтан, алдағы 10 жылдықта даму жолымыз айқын деп нық айта аламыз.

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Гани Ташкараев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында көп балалы аналармен кездесті.

Кездесуде көпбалалы аналарға тағайындалған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және баспаналы болуға қатысты мемлекет шаралар мен қолдаулар туралы кеңінен түсіндірілді. Одан бөлек, кандидат көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдап, мазалаған сауалдарына жауап берді.

0
0
138

Қайрат Қабдешұлы Тұғылда "Байтоғас" ауылдық клуб үйіне барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округінде "Байтоғас" ауылдық клуб үйіне барып "ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ" өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
201

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін Нұркент ықшамауданында орналасқан «Атлетикалық ауыл» залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер К. Нуров және Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер Т.Тайтулеевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында спорт өкілдерімен, оның ішінде шеберлер командасының жаттықтырушысы, спорт саласында 50 жылдан аса еңбек өтілі бар Кандидат педагог, республикалық балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің арнайы жаттықтырушы, Профессор Мурат Адамбековтің қатысуымен кездесу өткізілді.

0
0
140

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық.

Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды.

Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық.

Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз.

Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз.

Бұл – ата-бабамыздың аманаты.

Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз.

⠀

Құттықтаудың толық мәтінін Elbasy.kz сайтынан оқи аласыз.

0
0
172

Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округінде "Есіктен есікке" акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы облыстық мәслихатына үміткер Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округінде "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

0
0
155