Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабында азаматтарды қабылдау кестесі құрылды

«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабында азаматтарды қабылдау кестесі құрылды.

Қабылдаулар партияның сенімді өкілдері мен партиялық тізімге енген кандидаттармен 2020 жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 08 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Мекен-жайымыз: Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы , Абылайхан көшесі, 13.

Байланыс телефон: 2-10-75, 87054179858

0
0
164

Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру ZOOM платформасында жалғасты.

Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаушылармен науқан жұмыстарын түсіндіру ZOOM платформасында жалғасты. Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Бабасов Бердихан əлеуметтік желіде конференцияға шығып, сайлаушылар сауалдарына жауап берді. Соның ішінде партия съезінде Президент Қ. Тоқаев тоқталып өткен ел экономикасы мен өңірлерді дамыту мəселесі төңірегінде салмақты əңгіме өрбітіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.

0
0
106

"Nur Otan" партиясының Алатау аудандық филиалында аудан тұрғындарымен кездесті.

Үгіт-насихат жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының Алатау аудандық филиалында қалалық сайлауалды штаб мүшелері мен Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар аудан тұрғындарымен кездесті. Штаб жетекшісі Рахман Алшанов және депутаттыққа кандидаттар: "№169 мектеп-лицейі" КММ директоры Гүлжан Бекенова, М Әуезова атындағы әдебиет және өнер институтының директоры. Кенжехан Матыжанов, "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, "Аналарға көмек" қорының директоры Гүлдәурен Бақбергенова кездесу қатысушыларына мегаполистегі нұротандықтар сайлауалды бағдарламаны жасау кезінде ескерген алматылықтардың өмірін жақсарту тетіктерін түсіндірді. Мысалы, таяудағы 5 жылда Алматыда 363,2 мың м2 жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған, 5 мыңға жуық пәтерді қамти отырып, "Бақытты о…

0
0
286

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті

Ақтөбе облысы бойынша ұлттық спорт түрлері мектебінде 400-ге жуық бала мен жасөспірім жаттығады. Олар қазақша күрес, тоғызқұмалақтан өзге ат спортының аударыспақ, теңге ілу, көкпар, жамбы ату түрлері бойынша шеберлігін шыңдап жүр. Қазақстан біріншілігіне қатысатын спортшылар да осы мектепте дайындалады. Мұндағы 14 жаттықтырушының бәрі спорт шебері. Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы. Екі жабық манеждің бірі туа бітті сал ауруына шалдыққан балалардың ем-домына арналған. Екіншісінде спортшылар кәсіби біліктілігін арттырып жүр. Мектеп директоры Бахтияр Төлеуовтың айтуынша, барлығы 40 ат мектеп иелігінде. «Nur Otan» партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесуде жаттықтырушы Бақтыбай Қисықов өз ұсынысын айтты.«Ұлттық спорт дамып келеді. Дегенмен Ақтө…

0
0
467

«Есіктен есікке» акциясы

Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Аудан тұрғындары өз тараптарынан үйме-үй кіріп насихаттық жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдауға келген партия өкілдеріне алғыс білдірді. Ақшұқыр ауылының тұрғыны Едилова Дина партиядан жұмыссыздық туралы сұрақтарын қойып, ауыл жағдайына қанағаттанатынын, балаларының оқуда екенін айта отырып ауылдың даму жолында жастарға арналған орталықтардың ашылуы жөнінде ұсыныстарын айтты.

Акция бір ай бойы үгіт-насихат шаралары аясында жалғасын табады.

Бүгін Данабек Исабеков қаламыздың Еңбек ардагерлері және ақсақалдарымен кездесті.

Қариялар мен ардагерлер еліміздің болашағына немқұрайлы қарамай, қоғам өміріне белсенділік танытып, көкейлеріндегі мазалап жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.

Сұрақтардың көбісі қаламыздың елді мекендерін су, электр жарығы, газбен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу төңірегінде болды.

Жиынға жиналған ардагерлерге жыл бойы жүргізілген "партияны қайта жандыру" жұмыстары "Nur Otan" мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүдделері үшін атқарылып жатқан мүмкіндіктерді күшейткеніне тоқталып өтті.

0
0
299

Aзаматтарды қабылдау бөлмесі

«Nur Otan» партиясы Осакаров аудандық сайлауалды штабының жанынан азаматтарды қабылдау бөлмесі ашылды.2020 жылғы 11 желтоқсаннан 2021 жылғы 8 қаңтар аралығында «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне еңген кандидаттар және партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да өткізіледі. Көрсетілген қабылдау кестесіне сәйкес, жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);3. Тел номер 8 72149 4 13 86;4. Электронды пошта: [email protected]С 11 декабря т.г. при Карагандинском областном предвыборном штабе партии «Nur Otan» создана общественная приемная. Аналогичные общественные приемные созданы во всех предвыборных штабах городов и районов области.Кандидатами, вошедшими в партийные списки…

0
0
182

"Nur Otan"партиясының сайлау штабының үгіт насихат жұмысы қарқынды жалғасуда.

"Nur Otan"партиясының сайлау штабының үгіт насихат жұмысы қарқынды жалғасуда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Айнакулов Мереке, Закимбаева Эльмира, Мейманханов Мұратжан "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Үй жағдайында өткен үгіт насихат жұмысын ауылдағы жоғары буын өкілдерінен бастады. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаны түсіндіре отырып, алдыңғы уақытта аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстарға да тоқталды. Партия жоспарындағы əлеуметтік мəселе басымдығын айта келе, болашақтағы атқарылатын істерді де тілге тиек етті. Акция соңында сайлаушылардың жақсы тілектеріне ризашылықтарын білдірді.

0
0
147

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат супермаркетке барып, экспромт-кездесу өткізді.

2020 жылы 19 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы Саран қаласының супермаркетіне барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге супермаркеттің қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты. Кандидаттар іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен, бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
157

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Көпешов, М.Қарабаев, А.Аяпберген...

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Көпешов, М.Қарабаев, А.Аяпберген, А.Абдулла Қордай аудандық филиалының ғимаратында студент- жастармен "жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша кеңестер" тақырыбында онлайн кездесуін өткізді.

0
0
271