"Nur Otan" партиясының Алатау аудандық филиалында аудан тұрғындарымен кездесті.

Үгіт-насихат жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының Алатау аудандық филиалында қалалық сайлауалды штаб мүшелері мен Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар аудан тұрғындарымен кездесті. Штаб жетекшісі Рахман Алшанов және депутаттыққа кандидаттар: "№169 мектеп-лицейі" КММ директоры Гүлжан Бекенова, М Әуезова атындағы әдебиет және өнер институтының директоры. Кенжехан Матыжанов, "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, "Аналарға көмек" қорының директоры Гүлдәурен Бақбергенова кездесу қатысушыларына мегаполистегі нұротандықтар сайлауалды бағдарламаны жасау кезінде ескерген алматылықтардың өмірін жақсарту тетіктерін түсіндірді. Мысалы, таяудағы 5 жылда Алматыда 363,2 мың м2 жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған, 5 мыңға жуық пәтерді қамти отырып, "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасын іске асыру жалғасады, 250 ескі үйдің тұрғындарын көшіру, 80-ге жуық саябақ пен скверді қайта жаңарту, 650 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу, 773 лифтіні ауыстыру 191,5 мың адамды қамтуды және күрделі жөндеуді талап ететін 1 247 аула аумағын, оның ішінде Алатау ауданындағы 43 Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламада Алатау ауданының 4 шағын ауданында орталық сумен жабдықтау, 6 бағдаршам нысанының құрылысы және 7 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі мәселелері көрсетілген Сондай-ақ Алатау ауданында №156 және 179 мектептердің шағын және орта қуатты қазандықтарын, №78 балабақшаны табиғи газға көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылады, Өжет, Боралдай және Қарасу шағын аудандарында отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталатын болады. Бүгінгі таңда "Nur Otan" партиясының Алатау аудандық филиалында 66 бастауыш партия ұйымында 5950 партия мүшесі тіркелген Тек бірге біз нәтижеге қол жеткіземіз! Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! БІЗ БІРГЕМІЗ!

