«БЖК-2025»: 200 жаңа жоба іске асырылады
Nur Otan партиясы мемлекеттік бағдарламаларды қамтып, «Атамекен» ҰКП бірге жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған кәіпкерлерге барлық жағдайды жасайды. Сөйтіп ШОБ-тің экономикадағы үлесі 20,5 пайыздан 25 пайызға жетеді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Күлпаршын Айдарханова өңір кәсіпкерлерін қолдау шарасы туралы айтып берді.
Үміткердің айтуынша, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер саны артып, сәйкесінше облыс бюджеті толығып жатыр. Дегенмен шектеу шарасы кезінде 27 мың бизнес субъектісі жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
«Партия бизнесті оңалтуға ғана емес, ШОБ бастауға да жағдай жасайды. Мемлекеттік бағдарламалардың тетігін пайдаланып, ісін енді бастаған адамдарға да қолдау көрсетеміз. Жергілікті бағдарлама да қабылданып, пандемия кезінде тұралаған кәсіп қайта жанданады», - деді Күлпаршын Айдарханова.
Сонымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2025» шеңберінде жыл сайын кәсіпкерліктің кемінде 200 жаңа жобасына қаржылық қолдау көрсетіледі. Ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 1 мың жобаға шағын несие беру, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 60 жобаға жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 62 мың бірлікке дейін ұлғайтуға, сол салада жұмыспен қамтылғандар санын 150 мың адамға жеткізуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
