Мазмұнға өту

Жаңа

Қараспан ауылының тұрғыны ақ самайлы әже Оңжалғас Әбдіғахарқызының үйінде қонақта болды.

Сондай-ақ жүрекжарды ізгі тілектерін айтты.Оңжалғас апа да облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Қайнар Бегалыұлының жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі. Аталмыш партияға сенім артатынын, отбасымен барып сайлауға қатысатынын жеткізді."Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат келген қонақпен бірге жүріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.

0
0
175

Бүгінгі Канвассингте Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайнар Абасов жүрді.

— Біз қазыналы қарттарымызды төрден түсірмейтін, сыйлап-құрметтейтін халықпыз. «Батаменен ел көгереді» дегендей, өзіңіздей аузы дуалы қариядан бата алғалы келдім. Ел үшін, жер үшін тер төккен азаматтың бірісіз. Сіздердің жолдарыңыз бізге үлгі-өнеге. «Nur Otan» партиясы еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін қамқорлық көрсетіп келеді. Қашан да елмен, халықпен бірге. Партия Лидері, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да елін, жерін, халқын сүйген азаматтар. Әуелі Жаратқанның, сосын осы кісілердің салиқалы саясатының арқасында еліміздің еңсесі биіктеп келеді. Әрине, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігін ерекше атап өтпеске болмайды. Билік пен бұқара бір болғанда ғана елдігіміз баянды болмақ. Оны өзіңіз де білесіз, ақсақал. Сізді және сіздің отбасыңызды 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенді болуға шақырамын. Әрі халықтық партияға айналған «Nur Otan» партиясына дауыс берерсіз деген сенімдемін. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын, қария, — деді Қайнар Бегалыұлы.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.

0
0
233

"Бөрте милка" ЖШС кездесу өтті.

өркендеуіне үлкен үлес қосқан азамат. Мақта өндірісі саласында біліктілігі жоғары инженер-механик, жеткен жетістіктері өте жоғары.Ел үшін, жер үшін елеулі қызмет етіп жүрген арда азамат әрдайым халықпен бірге болып келеді. Тұрғындардың мұң-мұқтажын, өтініш-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін бей-жай емес. Тиісті жерге айтып, шешілу жолын қарастырған. Осылайша ол көпшіліктің сеніміне кіре білген.Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа түсіп жатқан Қайнар Бегалыұлы Бадам ауыл округіне қарасты «Бөрте Милка» ЖШС-на тосыннан барып, ұжымымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Ол «Nur Otan» партиясының жүйелі саясатын кеңінен сөз етті. Бүгінге дейін жеткен жетістіктерін айтты. Сондай-ақ алдағы бес жылда атқаруға тиіс жұмыстарды, бағдарламаларды тілге тиек етті. Халықтық партия «Nur Otan»-ға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті етіп жауап берді.Бадамдықтар да келген қонаққа алғыстарын айтып, сайлау күні барынша белсенділік танытатындарын білдірді.Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жиынды қорытындылады.

0
0
278

Кандидаттар кездесу өткізді

Ол "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге үндеді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

0
0
167

Ордабасы ауданы қашанда бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы бола білген.

Халқымыздың мақтанышы, күш атасы   Қажымұқан бабамыздың ізбасарлары да көптеп шыққан, небір өнерлі азаматтар туып өскен мекен бұл. Осындай тарихи мекенде, құт қонған киелі жерде өмір сүрген әрбір азаматтың тілегі мен жүрегі бір, мақсаттары бір.Тәуелсіздік ата-бабамыздың аңсаған арманы болатын. Осы күнді жақындатқан ержүрек батыр бабаларға, аға-әпкелерге рухтарына құрмет көрсетіп бас иеміз.Айтулы мерекеде атқа қонған ел азаматтары қарап жатқан жоқ. Халықпен жүздесіп, ойларымен бөлісуде. "Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар: Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Амалбек Өміртай, "Ернұр" корпорациясының директоры Ерлан Нұрмаханов, "Айғақ" телерадио корпорациясының директоры Дулат Әбішев, "Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Темірландағы Жастар сарайында "Nur Otan" партиясы Қажымұхан бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.Олар "Nur Otan" партиясының соңғы бес жылда атқарған жұмыстары және жеткен жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етті. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге үндеді.Ауыл тұрғындары, партия мүшелері келген қонақтарға алғыстарын жеткізіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат жиынды жүргізіп отырды.

0
0
196

"Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар:

"Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Олар "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге үндеді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге үндеді.Ауыл тұрғындары ат арылтып келген қонақтарға алғыстарын жеткізді. Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат кандидаттармен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар Көктөбе ауылында "Есіктен  есікке" акциясы болып өтті. Акцияда ерікті жастар белсенділік танытып, үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.

0
0
329

Шұбарсу ауыл округі бүгінде көркейіп, дамып келеді. Ауылды гүлдендіріп отырған еңбекқор тұрғындары.

Әсіресе қандас бауырларымыз көптеп мекен еткен ауылға айналды. Ауыл ішіндегі қарбалас жұртты көргенде қалада жүргендей күй кешесің. Аяғыңды аттап бассаң азық-түлік дүкендері, сауда нысандары. Арлы-берлі жолаушыларды тасыған таксист азаматтар. Қарияларынан бастап, жасы кішілерге дейін ынтымақ пен ауызбіршілікте тіршілік етіп келеді.Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне орай, "Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар: Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Амалбек Өміртай, "Ернұр" корпорациясының директоры Ерлан Нұрмаханов, "Айғақ" телерадио корпорациясының директоры Дулат Әбішев, "Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Шұбарсу ауылының жергілікті тұрғындарымен, қандастармен кездесу өткізді.Ел жанашырлары "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың келелі кеңестерін, сарабдал саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қоса, алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.Ауыл тұрғындары келген кандидаттарға сауалдарын қойып, алғыстарын жеткізді. Басқосуды ашып, жүргізіп отырған аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат көпшілікке рақметін айтып, жиынды аяқтады."Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы сайлауалды штабының баспасөз қыметі.

0
0
261

Zoom бағдарламасы арқылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Zoom  бағдарламасы арқылы Ордабасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер  кандидаттар С.Омаш, Ж.Ақылбекова «Nur Otan» партиясының сайлауалды  бағдарламасын түсіндіру мақсатында білім саласы қызметкерлерімен  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Онлайн форматта өткен бұл кездесуге  қатысқан азаматтар өзара пікір алмасып, сайлаушылардың қойған  сауалдарына қанағаттанарлық жауап берді.

0
0
131

Оспанова Қадиша мен "Jas Otan" ЖҚ өкілдерінің жас белсенділермен кездесуі

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Оспанова Қадиша және "Jas Otan" ЖҚ өкілдері “Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт науқаны аясында бұқарамен, ауданның құрметті адамдарымен, Бұқар жырау ауданының жас белсенділермен кездесу өткізді.

🔴Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірді дамыту тақырыбында сөз қозғады.

🟡Оспанова Қадиша аудиториямен әңгіме барысында үгіт-насихат жұмысына үлкен үлес қосып жүрген аудан белсенділерінің тиімді жұмысын атап өтті.

Ауданда 50 жас белсенді күн сайын түрлі акциялар, флешмобтар өткізіп, халыққа үгіт материалдарын таратуды ұйымдастырады. Осылайша, партияны қолдаудағы белсенді жұмыстың оң үлгісін көрсетіп отыр.

Аудан жастарымен кездесуге "Jas Otan" Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Хамитов Ержан келіп қатысты.

“МК қатысушылары-бұл партияның үлкен күші мен қолдауы, оның болашағы мен тірегі. Жастар белсенділері, бұл өз елінің патриоттары, олар үлкен партиялықтардан эстафетаны қабылдап, өз ауданының, облысының және жалпы елдің игілігі мен өркендеуі үшін жұмыс істейді” деп атап өтті Қадиша Баразбайқызы.

Қазақстандықтардың жас буыны партияның сайлауалды науқанына өз үлестерін және бар күштерін қосуда. Бұқар жырау жастары да осы маңызды істе жарқын және лайықты үлгі болып табылады😉✊🏻!

☑️Кандидат в депутаты Карагандинского областного маслихата Кадиша Оспанова, в рамках агитационной предвыборной кампании от партии «Nur Otan”, провела встречу с общественностью, уважаемыми людьми района, представителями МК «Jas Otan”, молодыми активистами в посёлке Ботакара, Бухар-Жырауского района.

🔴В ходе встречи, кандидат в депутаты, затронула разные темы развития региона, в свете Предвыборной программы партии.

Кадиша Оспанова, в беседе с аудиторий, отметила эффективную работу активистов района, которые вносят большой вклад в агитационную работу.

🟡В районе  50 молодых активистов каждый день проводят различные акции, флешмобы, организуют раздачу агитационных  материалов населению. Тем самым показывая положительный пример активной работы в поддержку партии.

Так же во встрече принял участие Ержан Хамитов, председатель Карагандинского областного филиала молодёжного крыла “Jas Otan”.

Участники МК большая сила и поддержка парти, ее будущее и опора. Молодежные активисты, это патриоты своей страны, которые перенимают эстафету от старших партийцев, и работают на благо и процветание своего района, области, и в целом страны, отметила Кадиша Баразбаевна Оспанова.

Молодое поколение казахстанцев вносят достойный вклад в предвыборную кампанию партии. И бухаржырауская молодежь, так же является ярким и достойным примером в этом важном деле!

6
1
360