Мазмұнға өту

Жаңа

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Бүгін сайлаушылар үйіне үгіт-насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Н.Ахметов, Ғ.Райымбеков Төрткүл ауылында тұратын партия жақтастарының үйіне барып, алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытуға, «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.

0
0
199

Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының онлайн кездесуі

2020 жылдың 19 желтоқсаны күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына  үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы  Приозерск қаласының тұрғындарымен “ZOOM” платформасы арқылы  онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның негізгі сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы жұмыс жоспарларына тоқтала кетті. Сонымен қатар білім саласы, рухани жаңғыру бойынша және де басқа  да сұрақтар талқыланды. Жастарды  қазақ тілін насихаттауды және қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Қала тұрғындарынан сұрақтар қойылды және  сұрақтарға толықтай  жауап берілді.

Кездесу соңында кандидат сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
174

Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.

«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды.

Үміткерлер канвассинг барысында "Ақтау қаласының құрметті азаматы" атанған «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Ерімбет Әділұлы Жаңбыровтың үйіне арнайы барып, еңбегі үшін алған марапатымен құттықтап, партияның игі жұмыстарымен таныстырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталды. «Nur Otan» партиясы ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізетінін атап өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар екенін де баяндады.

Кездесу соңында депутаттық мандатқа үміткерлер көпке үлгі болар "Құрметті азаматтың" батасын алып, отбасымен сайлауда белсенділік танытуға шақырды

0
0
237

Тұрғындармен кездесу

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса «Өркен» шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.

0
0
183

Экспромт встреча в торговом доме "Ақ жарық"

Сауда үйінде тосын кездесу

"Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Аманжол Әлтай қала орталығында орналасқан "Ақ жарық" сауда үйінде болып, экспромт-кездесу өткізді. Онда ол сауда үйінің әр келушісімен жеке сөйлесіп, партия туралы пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында кандидат Аманжол Әлтай партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтіп, үгіт материалдарын таратып, барлығын 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға шақырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Экспромт встреча в торговом доме.

Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК от партии «Nur Otan» Аманжол Әлтай посетил торговый дом «Ақ жарық», расположенный в центре города, и провел экспромт-встречу. Там он лично пообщался с каждым посетителем торгового дома, выслушал их мнение о партии.

В ходе встречи кандидат Аманжол Әлтай озвучил основные направления предвыборной программы партии, раздал агитационные материалы, а также пригласил всех на выборы 10 января 2021 года.

Мероприятие прошло с соблюдением всех санитарных норм.

0
0
188

Коронавирустан бірге сақтанайық

Құрметті жерлестер!

Өздеріңізге белгілі кенеттен келген вирус расында адамзатқа бұл өмірдегі маңыздылықтарды түсіндіргендей болды.

Біздің үстімізге киіп жүрген киімдер, қолымызға ұстаған ұялы телефон мен темір тұлпар тізгіндеу індетке қарсы тұра алмайтындығын, күнделікті өмірде тазалықтың маңыздылығы мен ағайын-туыстың жақындығын, шын мәнісінде бақыттың мәні — отбасы мен денсаулықта екендігін, адам өмірінің аса қымбат екендігін түсіндіріп берген сыңайлы.

Алайда әлемді жайлаған індеттің еліміздегі қазіргі екінші толқыны біздің қоғамда ұжымдық жауапкершіліктің нашар екенін көрсетіп отыр. Коронавирустан сақтанайық деп сонау наурыз айынан-ақ қанша ескертілсе де, жасыратыны жоқ, барлығымыз бір адамдай карантин талаптарын сақтаған жоқпыз. Осының салдарынан бүгінде коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың қатары көбейіп барады. Кесел  жасты да, кәріні де таңдап жатырған жоқ.

Сондықтанда қала тұрғындарын сақтық шарасын мейлінше қатаң ұстанып, көпшілік жиналатын жерлерге бармауға шақырамын. Қазір той мен садақа өткізу де аса қауіпті. Коронавирустан бірге сақтанайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Жаңаөзен қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Тлектес Болатбаева.

0
0
229

Ата, анамыздын тәрбиесінің арқасында...

Ата, анамыздын тәрбиесінің арқасында , қанымызға сіңгені қарттарымызды құрметтеу  Әр отбасының қарты ырыс нәсібесі, ол баға жетпес қазынасы! Маңғыстау облысының келген қонаққа қуанатын, көздерінің назары жүрегіңді тесіп баратыр , ол қарттар үйі! Сол үйдің түрғындары көбемесін!Картарымызды сыйлау арқылы, ұрпағымызға үлгі, өнеге боларымыз сөзсіз!

0
0
169

Бақытты балалар

2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 95% мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етіледі.

Бала-бақшаға кезекке қою тәртібі толығымен цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» принципі бойынша кез-келген бала-бақшада орын таңдау үшін ваучерлер беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жасынан бастап әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мектепке даярлауға бағдарланады.

Балаларға сапалы білім беру

2025 жылға қарай біз 800 жаңа мектепті салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешеміз, сондай-ақ барлық мектептерді мұғалімдермен 100% қамтамасыз етеміз.

Бірыңғай білім беретін онлайн-платформа енгізіліп, барлық ауыл мектептері жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылады, қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығы қысқарады.

Дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлердегі қабілетті балаларды анықтау мен қолдау жұмысы жалғасады, оларға еліміздің мамандандырылған мектептерінде оқу мүмкіндігі беріледі.

Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылып, «балалар үйірмелері» қайта жаңғырады.

Барлық мектептерде спортпен айналысуға жағдай жасалады.

Әрбір мектепте пәндік кабинеттер ашылып, әрбір сынып Интернетке қосылады.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі.

Сапасыз оқулықтар проблемасы толығымен шешіледі.

Мұғалімдердің еңбек ақысы 2 есе өсіп, 2024 жылға қарай орта есеппен 330 мың теңгені құрайды.

Балалардың құқықтарын қорғау

Балаларды буллингтен, интернет-бұзақылықтан, жыныстық қылмыстардан және өз-өзіне қол жұмсаудан қорғау бойынша шаралар қабылданады.

Балаларға қатысты сексуалдық сипатта жасалған қылмыстар үшін рақымшылық жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жаза шаралары қатаңдатылады.

Қазақстан балалардың құқықтары бұзылған жағдайда хабарлау рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылады.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде балаларды күтіп-бағу жағдайларына мониторинг жүргіземіз.

Барлық балаға тең мүмкіндіктер

Біз мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттырамыз.

Барлық колледждер мен ЖОО-да, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердың 70%-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі.

Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған балалар – мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны бойынша екі жәрдемақыны бір уақытта алады.

Жетім жасөспірімдер балалар үйінен шығарылғаннан кейін жұмыспен және үймен қамтамасыз етіледі.

0
0
207

Жаңаөзен қаласында 5 колледж бар, әр түрлі саладан...

Жаңаөзен қаласында 5 колледж бар, әр турлі саладан , Манғыстау облыстық медицина колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжі, Каспий педагогикалық ж/е жаңа технологиялар колледжі, Манғыстау индустриалды техникалық колледжі, Жаңаөзен қызмет қөрсету ж/е жаңа технологиялар колледжідерінде 4000 жакын студенттер білім алуда . 2016 жылдан барлық студенттер тегін оқиды өзі қалап, таңдаған мамандығы бойынша , қарапайым шәкірт ақысы 21 785,15 , үздік шәкірт ақы 25 052,15 , жетімдерге арналған шәкірт ақы 28 320,92 + тамак+ киім қарастырылған .
Әр азамат студентке сапалы білім беруге мүмкіндік жасалған !

0
0
417