Шұбарсу ауыл округі бүгінде көркейіп, дамып келеді. Ауылды гүлдендіріп отырған еңбекқор тұрғындары.
Әсіресе қандас бауырларымыз көптеп мекен еткен ауылға айналды. Ауыл ішіндегі қарбалас жұртты көргенде қалада жүргендей күй кешесің. Аяғыңды аттап бассаң азық-түлік дүкендері, сауда нысандары. Арлы-берлі жолаушыларды тасыған таксист азаматтар. Қарияларынан бастап, жасы кішілерге дейін ынтымақ пен ауызбіршілікте тіршілік етіп келеді.Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне орай, "Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар: Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Амалбек Өміртай, "Ернұр" корпорациясының директоры Ерлан Нұрмаханов, "Айғақ" телерадио корпорациясының директоры Дулат Әбішев, "Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Шұбарсу ауылының жергілікті тұрғындарымен, қандастармен кездесу өткізді.Ел жанашырлары "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың келелі кеңестерін, сарабдал саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қоса, алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.Ауыл тұрғындары келген кандидаттарға сауалдарын қойып, алғыстарын жеткізді. Басқосуды ашып, жүргізіп отырған аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат көпшілікке рақметін айтып, жиынды аяқтады."Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы сайлауалды штабының баспасөз қыметі.
