Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бөрте милка" ЖШС кездесу өтті.

өркендеуіне үлкен үлес қосқан азамат. Мақта өндірісі саласында біліктілігі жоғары инженер-механик, жеткен жетістіктері өте жоғары.Ел үшін, жер үшін елеулі қызмет етіп жүрген арда азамат әрдайым халықпен бірге болып келеді. Тұрғындардың мұң-мұқтажын, өтініш-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін бей-жай емес. Тиісті жерге айтып, шешілу жолын қарастырған. Осылайша ол көпшіліктің сеніміне кіре білген.Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа түсіп жатқан Қайнар Бегалыұлы Бадам ауыл округіне қарасты «Бөрте Милка» ЖШС-на тосыннан барып, ұжымымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Ол «Nur Otan» партиясының жүйелі саясатын кеңінен сөз етті. Бүгінге дейін жеткен жетістіктерін айтты. Сондай-ақ алдағы бес жылда атқаруға тиіс жұмыстарды, бағдарламаларды тілге тиек етті. Халықтық партия «Nur Otan»-ға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті етіп жауап берді.Бадамдықтар да келген қонаққа алғыстарын айтып, сайлау күні барынша белсенділік танытатындарын білдірді.Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жиынды қорытындылады.

0
0
216

Осы тақырып бойынша

"Бөрте милка" ЖШС кездесу өтті. - Yvision.kz