Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар:

"Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Олар "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге үндеді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге үндеді.Ауыл тұрғындары ат арылтып келген қонақтарға алғыстарын жеткізді. Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат кандидаттармен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар Көктөбе ауылында "Есіктен есікке" акциясы болып өтті. Акцияда ерікті жастар белсенділік танытып, үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.

0
0
293

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар: - Yvision.kz