Ордабасы ауданы қашанда бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы бола білген.
Халқымыздың мақтанышы, күш атасы Қажымұқан бабамыздың ізбасарлары да көптеп шыққан, небір өнерлі азаматтар туып өскен мекен бұл. Осындай тарихи мекенде, құт қонған киелі жерде өмір сүрген әрбір азаматтың тілегі мен жүрегі бір, мақсаттары бір.Тәуелсіздік ата-бабамыздың аңсаған арманы болатын. Осы күнді жақындатқан ержүрек батыр бабаларға, аға-әпкелерге рухтарына құрмет көрсетіп бас иеміз.Айтулы мерекеде атқа қонған ел азаматтары қарап жатқан жоқ. Халықпен жүздесіп, ойларымен бөлісуде. "Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар: Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Амалбек Өміртай, "Ернұр" корпорациясының директоры Ерлан Нұрмаханов, "Айғақ" телерадио корпорациясының директоры Дулат Әбішев, "Александрский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев Темірландағы Жастар сарайында "Nur Otan" партиясы Қажымұхан бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.Олар "Nur Otan" партиясының соңғы бес жылда атқарған жұмыстары және жеткен жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етті. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге үндеді.Ауыл тұрғындары, партия мүшелері келген қонақтарға алғыстарын жеткізіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Ордабасы аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат жиынды жүргізіп отырды.
