Бүгінгі Канвассингте Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайнар Абасов жүрді.
— Біз қазыналы қарттарымызды төрден түсірмейтін, сыйлап-құрметтейтін халықпыз. «Батаменен ел көгереді» дегендей, өзіңіздей аузы дуалы қариядан бата алғалы келдім. Ел үшін, жер үшін тер төккен азаматтың бірісіз. Сіздердің жолдарыңыз бізге үлгі-өнеге. «Nur Otan» партиясы еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін қамқорлық көрсетіп келеді. Қашан да елмен, халықпен бірге. Партия Лидері, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да елін, жерін, халқын сүйген азаматтар. Әуелі Жаратқанның, сосын осы кісілердің салиқалы саясатының арқасында еліміздің еңсесі биіктеп келеді. Әрине, халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігін ерекше атап өтпеске болмайды. Билік пен бұқара бір болғанда ғана елдігіміз баянды болмақ. Оны өзіңіз де білесіз, ақсақал. Сізді және сіздің отбасыңызды 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенді болуға шақырамын. Әрі халықтық партияға айналған «Nur Otan» партиясына дауыс берерсіз деген сенімдемін. Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын, қария, — деді Қайнар Бегалыұлы.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратты.
