Мазмұнға өту

Жаңа

"Үміткерге сұрақ қой?!" атты тікелей эфир өтті

Кандидат желі қолданушыларына  "Nur Оtan" партиясының  Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, еліміздегі беделді партия-  "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
159

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.

Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:

● Арыс қаласының көрнекті тумаларын (Д.Исабеков, С.Адамбеков, М.Жұрынов, А.Салықбаев, Б.Шүкірбеков, А.Қуатбеков, Н.Үсенбаева, Ж.Жаппарқұл) насихаттау;

● «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу;

● мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту;

● қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларын жүргізу, қаланың қасиетті жерлерін көгалдандыру (Мұңлық-Зарлық, Жекен шайық т.б.);

● Ақдала ауылында 240 орындық клуб ашу, Жиделі мен Дермене ауылында 120 орындық мәдениет үйінсалуға;

● жыл сайын «Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында жүйелі кездесулер ұйымдастыру;

● өзге тілде білім беретін мектептерде міндетті түрде мемлекеттік тілде білім беру сыныптырын ашу;

● ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізу.

Осынау игі бастамаларды өзіне мақсат еткен көшбасшы партияны қолдаймын, түрлі мәдени орталықтар мен спорт саласының өкілдерін құрылғаннан бері өзім мүшелік ететін    «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!

Түркістан облысы татар-башқұрт этно мәдени орталығы Арыс қалалық филиалының төрағасы, партия ардагері

Р.Байков

0
0
279

Барлық тиімсіз бағдарламалардан бас тартамыз – Nur Otan сайлауалды штабы Алматыға келді

Алматы қаласының сарапшылар қауымымен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты жолға қоюда азаматтық сектордың қатысуы мен рөлін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек. @baibekbk

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай электронды жүйесін жасауды, барлық өңірде халық қатысатын бюджетті ендіруді, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестердің құрылуын қамтамасыз етуді және тағы басқаларды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы шенеуніктердің жалақысын азаматтардың әл-ауқатымен байланыстыра қарауды ұсынады. Бұл орайда өңірлердің жергілікті мәселелерді шешуде дербестігі артатын болады.

Таяу 5 жылдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау болмақ.

«Nur Otan» партиясы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты секторларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек.

Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады.

⠀

«Nur Otan» партиясы жас стартапшыларды қолдау мақсатында деректерді өңдеу мен сақтау саласына инвестицияларды 6 есеге, яғни 500 млрд. теңгеге дейін арттыра отырып, 1000 жаңа ІТ-компания ашуды ынталандырады.

⠀

Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

⠀

Ертең Республикалық сайлауалды штаб Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізеді. Одан әрі 5 күн қатарынан Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер жоспарланған.                                                                                                                                      @nur_otan_almaty @stanislav_kankurov

⠀

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
212

Ерболат Бекмулдин мен Есбол Сақауов ZOOM арқылы ауданымыздың үлкендерімен онлайн кездесу өткізді.

18 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Есбол Сақауов ZOOM платформасы арқылы ауданымыздың үлкендерімен онлайн кездесу өткізді. Онлайн кездесуде ауданымыздың ақсақалдары мен ақжаулықты әжелеріне партияның 2025 жылға арналған бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп атқарған жұмыстары  насихатталды. Атаулы кездесу барысында ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, тарих пен мәдениет саласына қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Үміткерлер барлық қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар бере отырып, ұсыныс-пікірлердің қараусыз қалмайтындығын және партия барлық ұсныстарды назарға алатындығын жеткізді. Сонымен қатар үміткерлер көпті көрген жандарды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.

«NurOtan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
312

Халықтың жағдайы - біздің назарымызда

"Nur Otan" партиясы сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жалғастыруда. Ауданымыздың  әрбір аймағын аралап, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып , өзекті мәселелерді шешу  "Nur Otan" партиясы мүшелерінің басты мақсаттарының бірі.

Бүгін  "Nur Otan" партиясы атынан маслихат депутаттылығына үміткер, партия мүшесі, жеке кәсіпкер - Калиев Талғат Асылханұлы Еркіншілік ауылдық округінің тұрғындарымен  кездесу өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары қатысты. Талғат Асылханұлы өз тарапынан    тұрғындарға осы уақытқа дейін  "Nur Otan" партиясының атқарған жұмыстарының нәтежиелі болғандығын атап айтты.

Талғат Асылханұлы - партия мүшесі жеке кәсібін дөңгелетіп отырған  еліне жанашыр азаматтардың бірі. Бірталай адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.  Осы тарапта "Nur Otan" партиясы жеке кәсіпкерлікке айрықша жеңілдіктер беріп , қолдау білдіріп отырады. Ерейментау ауданы бойынша жеке кәсіп  ашуға ниет білдірген азаматтарға  "Еңбек" бағдарламасы бойынша 25 грант бөлінді. Осы бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 180 адам оқытылды. Бұның өзі партияның қолдауының арқасында жүзеге асып жатқандығын көрсетеді. Талғат Асылханұлы партия мүшесі ретінде "Nur Otan" партиясымен  бірге күрмеуі шешілмеген мәселелердің түйінін шешуге шақырды.  "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші халық, ел болып алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз!  Сіздің даусыңыз - сіздің болашағыңыз!

0
0
182

Сайлау алды үгіт-насихат шараларын қарқынды бастады

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелері, аудандық маслихаттың депутаттығына үміткерлер С.И.Барлыбаев пен С.К.Канапянов сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырып, партияның бүгінгі күнге дейін атқарған ауқымды жұмыстары мен болашаққа көздеген нақты жоспар-мақсаттарын баяндады. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының белсенділері, сайлау алды үгіт-насихат шараларын қарқынды бастап, партияның ақпараттық-бағдарламаларын таратып, үгітнасихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
160

«Есіктен есікке» акциясы

Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
171

Казталов ауылында салынып жатырған 2 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысына бақылау жүргізді.

17 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында  Казталов ауылында салынып жатырған 2 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысына бақылау жүргізді.  Мердігер "Нұр Құрылыс-Болашақ" ЖШС. Жобаның жалпы құны 281,950 млн теңге. Бақылау комиссиясының мүшелері жұмысшылармен кездесіп өтініштерін тыңдады. Анықталған кемшіліктер бойынша ескертулерін берді.

0
0
201