Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы
Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.
Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:
● Арыс қаласының көрнекті тумаларын (Д.Исабеков, С.Адамбеков, М.Жұрынов, А.Салықбаев, Б.Шүкірбеков, А.Қуатбеков, Н.Үсенбаева, Ж.Жаппарқұл) насихаттау;
● «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізу;
● мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту;
● қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедицияларын жүргізу, қаланың қасиетті жерлерін көгалдандыру (Мұңлық-Зарлық, Жекен шайық т.б.);
● Ақдала ауылында 240 орындық клуб ашу, Жиделі мен Дермене ауылында 120 орындық мәдениет үйінсалуға;
● жыл сайын «Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында жүйелі кездесулер ұйымдастыру;
● өзге тілде білім беретін мектептерде міндетті түрде мемлекеттік тілде білім беру сыныптырын ашу;
● ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізу.
Осынау игі бастамаларды өзіне мақсат еткен көшбасшы партияны қолдаймын, түрлі мәдени орталықтар мен спорт саласының өкілдерін құрылғаннан бері өзім мүшелік ететін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!
Түркістан облысы татар-башқұрт этно мәдени орталығы Арыс қалалық филиалының төрағасы, партия ардагері
Р.Байков
