Казталов ауылында салынып жатырған 2 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысына бақылау жүргізді.

17 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Казталов ауылында салынып жатырған 2 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысына бақылау жүргізді. Мердігер "Нұр Құрылыс-Болашақ" ЖШС. Жобаның жалпы құны 281,950 млн теңге. Бақылау комиссиясының мүшелері жұмысшылармен кездесіп өтініштерін тыңдады. Анықталған кемшіліктер бойынша ескертулерін берді.

