Мазмұнға өту

Жаңа

Канвассинг - бұл партия жақтастарын жекелеп тарту

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, А.Омаров, Н.Клушев, Ханай Əшірбеков Біркөлік елді мекенінде тұратын 1-топ мүгедегі Керимбаев Есимхан Муталиұлының үйіне барып, сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар партияның мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізді. Алатау ауылдық округінде канвассинг аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді.Алатау елді мекені тұрғыны ауданда медицина саласында ұзақ жылдар жұмыс жасап, осы салада басшылық қызмет атқарған, қоғам қайраткері, 1-топтағы мүгедек Тəңірберген Əлсеитовтің үйіне Ханай Əшірбеков және Феруза Калт…

1
0
187

«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Қ.Қансеитов, Т.Тастанов, А.Катаев, А.Омаров, Е.Бектурганов партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында 1-Мамыр ауылдық огругі Зағамбар және 1-Мамыр елді мекендерінде үй-үйлерді аралап, тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Акция аясында үміткерлер ауылдық округінде партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындарға партияның үгіт насихаттық парақшалары таратылып, ауыл азаматтарының талап тілектерін тыңдады.

2
0
145

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Зауыт директоры О.Юговтың айтуынша қазіргі таңда бұл орында 395 мамандар жұмыспен қамтылған, зауыт 9 түрлі бағыттағы металл өнімдерін өндіреді. Кездесу барысында зауыт жұмысшыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды.

Сондай-ақ, жиын қатысушылары көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй мен кәсіпкерлерді қолдау мәселелері төңірегінде болды. Үміткерлер айтылған мәселелердің барлығын тізімге алып, алдағы уақытта партия ықпалымен оң шешім табатынын жеткізді.

0
0
278

"Есіктен есікке"

"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Б.Қорғанбаев Өркен шағын ауданының бірнеше үйіне, азық-түлік дүкендерге кіріп шықты.

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізіледі.

#NurOtan

#NurOtanZhanaozen

0
0
117

«Nur Otan» партиясы Абай ауданының ғимаратында спортшылармен кездесу өтті.

Жастардың бос уақытын пайдалы өткізіп, бұқаралық спортқа тартылуы, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруы үшін жағдай жасау туралы сөз болды.

Сондай-ақ, азаматтардың пікірін тыңдап, алдағы уақыттағы жоспарлар қатарына енгізілді.

Nur Otan-ға дауыс бер!

@baibekbk

@nur_otan

@nurotanshymkent

@bakhadyrnarymbetov

@jas_otan

@elnurbeisenbai

@jasotan_shymkent

#Jenimpazbol #jeniskejet #jastar #tanday2021

#nurotanmenbirge #NurOtan #BizBirgemiz #JasOtan #JasOtanShymkent #Tanday2021

0
0
156

Спортшылар мен қалалық спорт мектептерінің жаттықтырушылар құрамымен кездесу

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен ҚР парламент мәжіліс депутаттығына үміткер Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Ә.Қатаев, Н.Клушев және Х.Әшірбеков партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында спортшылар мен қалалық спорт мектептерінің жаттықтырушылар құрамымен Zoom платформасында кездесті.Үміткерлер жас спортшылармен онлайн (online) жүздесіп, онда алда қойған мақсаты мен міндеттерін айтып берді. "Ауданымызда дене шынықтыру, бұқаралық спортты дамыту, ұлт денсаулығын жақсарту жолында қыруар жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде жас спортшылардың қанаты қатайып, қыран құстай биіктерді бағындыруда. Аудан, облыс, республика намысын қорғап, халықаралық, әлемдік деңгейге шыққан спортшылар намысты қолдан бер…

2
0
222

«Есіктен есікке» акция

Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
143

Үміткерлер қоғам белсенділерімен кездесті

Кездесу үгіт-насихат науқанына орай Партияның бес жылдық жоспары мен Шымкенттің Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жүзеге асты. Одан әрі қатысушыларды алаңдатқан түйткілді мәселелер партия назарына алып, алдағы уақытта өз шешімін табатынын жеткізді үміткерлер.

0
0
113