Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидат Керімшеев Нұрмахан Серікұлы - тұрғындармен онлайн форматта насихаттық кездесу өткізді

Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Керімшеев Нұрмахан Серікұлы - тұрғындармен онлайн форматта насихаттық кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның Арыс қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жеткізді.

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1. Экономикалық тұрақты қала;

2. Ыңғайлы қала;

3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала;

4. Жастарға арналған қала;

5. Тарих пен мәдениетті дамыту;

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;

7. Қауіпсіз қала.

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы қаланы дамытудың  7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

Қаланың табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.

Бізге мемлекеттік органдар мен қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

● электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге;

● қаланың барлық сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне;

● Қоғамдық кеңесте аймақ дамуының өзекті мәселелерін қарауға;

●  төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға;

● ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындарына «Бір терезе» негізінде көрсетілетін қызметтердің үлесі 100%-ға ұлғайып, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100% автоматтандырылады - дей келе, басымдықтарға жекелей тоқталып, тарқатып айтты.

0
0
234

Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар қала тұрғындарымен онлайн форматта жүздесті.

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ә.Ахметов, М.Сарыпбекова, Р.Қуатбекова қала тұрғындарымен онлайн форматта жүздесті.

Кездесу барысында Ахметов Әлімжан Абсаттарұлы Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарының біріне тоқтала келе -

- Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отыр. Қаланың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

● сүт бағытындағы ірі қара малдың басын 1500 басқа дейін арттыруға;

● қуаттылығы 15 мың тонна құрама жем шығаратын зауыт құрылысын аяқтап, 20 жұмыс орнын ашуға;

● 3000 ірі қара басты бордақылау алаңын салып, 120 адамға жұмыс орнын ашуға;

● қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;

● кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай асыл тұқымды мал басының үлесі арттырылып, мүйізді ірі қара мал саны 130%-ға (25 мыңға), қой, ешкі малының саны 125%-ға жетеді. Бес жыл ішінде сүт өнімі 2 есе, ет өнімі 2,5 есе, жұмыртқа 10,0 млн. данаға, дәнді дақылдар 3 есе артып, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 10 млрд. теңгеге жеткізіледі - деді.

0
0
177

Саламатты ұлт

 Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі  Аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдайды Тірек және іргелес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, жаңарады. Бағасы қымбат медициналық қызметтер МӘМС енгізу және квоталарды өсіру есебінен әр азамат үшін қолжетімді болады. Кейінге қалдырылмайтын операциялар мен зерттеулерге кезек мәселесі шешіледі

2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.

Өмір сүрудің орташа ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізу мақсат етіліп отыр.

0
0
163

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер онлайн кездесу өткізді

19 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сәрсенбай Молдашев, Мирлан Кусаинов, Абылайхан Шакуов әлеуметтік сала қызметкерлерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сайлаушылар тарапынан медицина саласына, білім саласына, әлеуметтік сала мен экономикалық дамуға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Көптің көкейінде жүрген сұрақтар үміткерлер бағдарламада қолға алынған жобаларды тілге тиек ет отырып жауап берді. Сонымен қатар әлеуметтік саланың кейбір тұстары талқыланып, үміткерлер сайлаушыларды алдағы сайлауда жарқын болашақты қалыптастыру үшін  еліміздің жетекші партиясы «Nur Otan» -ға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
141

Онлайн форматта Нарын бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Кездесуде кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, әріптестерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

0
0
256

"Есіктен есікке"

"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қ.Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай  "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты.

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізіледі.

#NurOtan

#NurOtanZhanaozen

0
0
176

Жеңімпаз бол!

Жеңімпаз бол!

#NurOtanғаДауысБер

#NurOtan

Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сарыпбекова Мөлдір Сейсенбекқызы қаладағы зейнеткер, аға буын өкілдерімен онлайн форматта кездесті.

Кездесуде партияның Арыс қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым-бағыттарды талқылай келе, сөзін тарқатқан М.Сарыпбекова-

- Біз партияның ықпалымен тең мүмкіндіктер құрамыз.

Қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Қала бойынша паспортталған 108 (100%) мекеме мен кәсіпорындардың ғимаратында пандус орнатылған.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

● мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

● инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 6-дан 31-ге (100%) жеткізуге;

● мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін инвотаксидің санын 4-ке жеткізуге;

● жыл сайын 100-ден астам мүгедектерді жұмыспен қамту шараларына қатысуға;

● Арыс қаласы мен ауылдық округтерде «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау мақсатында арнайы топ жасақталып, әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Нәтижесінде егде жастағы, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған тұрғындар әлеуметтік қолдауларға кедергісіз қол жеткізеді. Инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 100% қамтылады - деді.

0
0
186