Халықтың жағдайы - біздің назарымызда
"Nur Otan" партиясы сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын жалғастыруда. Ауданымыздың әрбір аймағын аралап, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып , өзекті мәселелерді шешу "Nur Otan" партиясы мүшелерінің басты мақсаттарының бірі.
Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан маслихат депутаттылығына үміткер, партия мүшесі, жеке кәсіпкер - Калиев Талғат Асылханұлы Еркіншілік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары қатысты. Талғат Асылханұлы өз тарапынан тұрғындарға осы уақытқа дейін "Nur Otan" партиясының атқарған жұмыстарының нәтежиелі болғандығын атап айтты.
Талғат Асылханұлы - партия мүшесі жеке кәсібін дөңгелетіп отырған еліне жанашыр азаматтардың бірі. Бірталай адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осы тарапта "Nur Otan" партиясы жеке кәсіпкерлікке айрықша жеңілдіктер беріп , қолдау білдіріп отырады. Ерейментау ауданы бойынша жеке кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға "Еңбек" бағдарламасы бойынша 25 грант бөлінді. Осы бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 180 адам оқытылды. Бұның өзі партияның қолдауының арқасында жүзеге асып жатқандығын көрсетеді. Талғат Асылханұлы партия мүшесі ретінде "Nur Otan" партиясымен бірге күрмеуі шешілмеген мәселелердің түйінін шешуге шақырды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші халық, ел болып алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз! Сіздің даусыңыз - сіздің болашағыңыз!
