Ерболат Бекмулдин мен Есбол Сақауов ZOOM арқылы ауданымыздың үлкендерімен онлайн кездесу өткізді.
18 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Есбол Сақауов ZOOM платформасы арқылы ауданымыздың үлкендерімен онлайн кездесу өткізді. Онлайн кездесуде ауданымыздың ақсақалдары мен ақжаулықты әжелеріне партияның 2025 жылға арналған бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп атқарған жұмыстары насихатталды. Атаулы кездесу барысында ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, тарих пен мәдениет саласына қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Үміткерлер барлық қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар бере отырып, ұсыныс-пікірлердің қараусыз қалмайтындығын және партия барлық ұсныстарды назарға алатындығын жеткізді. Сонымен қатар үміткерлер көпті көрген жандарды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.
«NurOtan» партиясы Казталов аудандық филиалы
