Президент әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды
Президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайындалды.

"Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Осыған дейін бұл қызметті бүгін Премьер-министр болған Олжас Бектенов атқарған еді.
Ал Дәдебаев бұған дейін 2022 жылғы қарашадан бастап Президенттің іс басқарушысы болды.
