Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ескі үкіметтегілер түгел өз орындарында қала ма?

Премьер-министр тағайындалғаннан кейін оның орынбасарлары мен министрлерді де тағайындау басталып кетті. Және қазірден бастап өз орындарында қалып жатқандар бар.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Яғни олардың бәрі осыған дейінгі атқарып келген қызметтеріне қайта тағайындалып отыр. Әрі қарай да осылай жалғаса ма? Оны алда көре жатармыз.


0
0
180

Осы тақырып бойынша