Мазмұнға өту

Жаңа

Кент тұрғындарымен кездесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесті.

Халықпен кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы атқарылар істерге тоқталды.

– Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Осы жылдарда біздің жетекші партиямыз халықпен бірге болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген тұғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынды. Сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылуда. Бұл істердің барлығы елдегі бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар әлі де жалғаса береді, – деді «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ибрагим Басықараев.

Тұрғындармен кездесуге  «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ибрагим Басықараев, Гүлнар Жұмашева, Орынша Айымбетова және Жаннат Садвақасова қатысты.

Кандидаттармен кездесуге қатысқан кент тұрғындары өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік жобалардың ұтымды тұстары айтылып, болашақ жоспар нақтыланды.

0
0
271

Үміткерлер қонақта

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг.

«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер - Снежанна Имашева мен Аманжан Жамалов “ҚР Ұйғырларының ассоциацияс” БҚО бойынша филиалының төрайымы Үсенова Әсиям Мұхамеджанқызының үйінде болды.

Үміткерлер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айтып, партияның сайлаудағы ұстанымдарымен бөлісті.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
301

Жеке сот орындаушылары мен үміткерлер кездесті

Бүгін қалалық мәслихат депуттатығына үміткерлер Жұмашева Гүлнәр Хамзақызы және Ниязбеков Нұржігіт Хамитұлы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында жеке сот орындаушыларымен кездесу өткізді. Кіріспе сөзді бастаған Гүлнұр Хамзақызы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттармен таныстырып, медицина саласындағы алдағы мүмкіндіктерге тоқталды.

Ал Нұржігіт Хамитұлы өткізіліп жатқан шаралардың ауқымдылығын және партияның саяси күш ретінде ел дамуынан өзге жастарға жасалатын мүмкіндіктер көп екендігін  жеткізді.

– Мен жастардың атынан сайлауға қатысып жатырмын. Партия барлық мүмкіндіктерді беруде. Соны пайдалана отырып, жастар мәселесін шешуге атсалысатын боламын. Бүгінде партия ұйымдастырып жатқан түрлі акциялар мен шаралардың ауқымы кең, – дейді ол.

Жеке сот орындаушылары өз кезегінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жеті басым бағытымен танысқандықтарын айтты. Атап айтқанда бағдарлама негізінде қала дамуына септігін тигізетін жобалар және кәсіпкерлік, медицина, білім және өзге сала түрлеріне жасалатын мүмкіндіктердің тұрғындар үшін тиімділігі орасан десті.

0
0
218

«Есіктен есікке» акциясы

«Nur Otan» партиясының атынан үміткерлер Ғалым Әміреев, Әжібек Мампаев, Гүлнар Есқалиева, Гүлнар Жұмашева «Мерей» мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.

Үміткерлер ондағы тұрғындар Әлия Ниязова және Толқын Мұстафаеваның үйлеріне барып, үгіт-насихат кезеңінде партияның негізгі міндетін тілге тиек етті.

Кездесу барысында тұрғындар әртүрлі әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Сондай-ақ, сенім білдіріп, қолдау көрсететін жеткізді.

Сайлаушылардың сөзін тыңдаған кандидаттар өз кезегінде партияның бағдарламасына тоқталды.

0
0
197

Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Бүгін партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандармен кандидаттардың кездесуі өтті.

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алимбетова Орынша Міржақыпқызы, Мусаева Гульшат Исақызы, Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы  шара барысында партияның алға қойған мақсат-міндеттерін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде сөз алған кандидат  Орынша Міржақыпқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз орта» бағдарламасына қосымша көмек түрлерін қосу жөніндегі ұсынысын алға тартты.

Сәкен Мінуарұлы болса мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған факультет ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға болатынын атап өтті. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткізілетін қолөнер бұйымдары бойынша өтетін көрмені жәрмеңке ретінде ұйымдастырып нәтижесінде, табыс табуға мүмкіндік болады деді.

Кандидат Гульшат Исақызы да тақырып аясында өз пікірін де білдіріп, сайлауалды бағдарлама бойынша партия тарапынан алда атқарылатын жұмыстарды тізіп шықты.

0
0
189