Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» - болашақ бағыты!

«Nur Otan» партиясы мүшесі, партия депуттаттығына үміткер “Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп" КММ директоры Байдилдина Гулнар Мырзахметқызы Аршалы ауданының білім саласы қызметкерлерімен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Гүлнар Мырзахметқызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Осы уақытқа дейін жасалып жатқан игі істердің басында «Nur Otan» партиясы жүретіні баршаңызға белгілі.  Еліміздің көркеюі жолында  түрлі бағдарламаларды ұсынып, жүзеге асуын қадағалап отыр. Атап айтатын болсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Дипломмен ауылға» «Болашақ» сияқты атаулы бағдарламалар. Осы бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ауданымыздың  білім, денсаулық, әлеуметтік, мәдениет сала қызметкерлері жас мамандармен жыл санап толығып отырғанын айтты. «Nur Otan» партиясының 7 басты бағытын атай отыра, 2025 жылға дейінгі ауданымызда білім саласындағы жоспарланып отырған жұмыстар жайын да атап өтті. «Nur Otan» партиясының алға қойған  басты мақсаттарының бірі, білім саласын жан –жақты, барлық сала бойынша дамытып, сапалы білім беруге жетелеу екендігін атап өтті. Алдағы уақытта ауданымыздың мектептері модификациялық кабинеттермен жабықталуы жоспарда екен атады.  Білім саласы бойынша жұмыспен қамту, жетіспейтін мамандар жайы да сөз болды.  Сонымен қоса, «Nur Otan» мемлекеттік тіл мен басқа тілдердің дамуын, мәдени әралуандық пен рухани құндылықтарды қолдауды, халықтың дәстүрлері мен әдет –ғұрыптарын сақтауды қолдайтындығы сөз болды.

«Nur Otan» партиясы біздің болашағымызға жол көрсететін тура жол екенін алға тарта отыра, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Біз біргеміз! Біз үшін барлық шешімдеріңіз құнды!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
211

«Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайды

«Nur Otan» партиясының мүшесі, партия депутаттығына үміткер «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы және «Аршалы ауданы жастар орталығы» директоры, «Nur Otan» партиясының мүшесі, партия депуттағына үміткер Жанабергенов Актан Талғатұлы өздерінің үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті. Кездесу аудан тұрғындарымен онлайн форматта өткізілді.

Алдағы 2025 жылға дейінгі жоспарланған жұмыстар барысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Байдилдина Г.М. «Nur Otan партиясының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында құрылған 7 басым бағыттарымен таныстыра отырып, аудан жұртшылығын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда ауылды, елді мекендерді көркейту барысында «Nur Otan» партиясының халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарына да тоқтала кетті. Ауданымыздың Жібек жолы, Жалтыркөл,Анар ауылдарында жалпы білім беретін мектеп салу жоспарланып отырғанын, 2025 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнап салынатын бала бақша санын ұлғайту көзделіп отырғанын да мәлімдеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және жетіспейтін мамандар жайы да сөз болды. Білім беру саласында жұмыс атқарғандықтан, аудан мектептеріне қажетті жаңа модификациялық кабинеттермен қамту жайы, жас мамандарды ауылды жерлерге тарту мақсатында қарастырылған бағдарламалармен және мұғалімдер тапшылығын төмендету жайын да айтып өтті.

Жанабергенов А.Т. «Аршалы ауданы жастар орталығы» директоры «Жас мамандарды ауданымызға тарту үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыстардың жоспарланып отырғанын да айтты. Сонымен қатар, ауданымызды газ жылу жүйесі, ауыз сумен қамту жайына да жеке тоқталды.

«Nur Otan» партиясы халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біздің басты міндетіміз, әр бір тұрғынның сенімін ақтау, сол себепті 10- қаңтар сайлау күні сіздерді дұрыс таңдау жасайды деген сенімдеміз.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
303

«Nur Otan» халықпен бірге!

«Nur Otan» партиясы Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, «Козлова А.В» ЖК басшысы Козлова Анна Викторовна мен «Nur Otan» партиясы Аршалы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Ахимова Омарқызы аудан тұрғындарымен онлайн жүздесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының 7 басым бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Халықтың тұрмыс жағдайын арттыру жолында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек екендігін айтқан кандидаттар, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды. Бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне де елеулі өзгеріс енгізді. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты байлығы адам өмірі мен денсаулығы біздің бірлігімізді арттыра түсті.

Гүлмира Омарқызы «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әр бір қазақстандық азаматтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғасыра беретіндігін алға тарта отыра, партияның әр бір мүшесі еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып отырғанын айтты.

Анна Викторовна өз сөзінде Қазақстан дамуының аймақтық көшбасшысына айналды және оның экономикалық табыстары еліміздің әр отбасы мен әр азаматтың әл ауқаты мен өмірінің жақсаруына әсер етені жайлы айта келе, ауданымыздың агро өндірістік және ауыл шаруашылығын дамытуға толық жағдай жасалғанын атап өтті. Аудан жастарын осы саланы дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Аршалы ауданы туризмді дамытуға өте ыңғайлы мекендердің бірі екені айтылды. Жібек жолы ауылында қысқы туризмді дамыту қолға алынғандығы жөнінде де мәлімдеді.

Болашағымызды жоспарлауда нақты қадамдар мен бағыттар ұсынып отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Алуан түрлі әлемдік үдерістерге қарамастан, алға қойған барлық мақсаттарға бірге қол жеткізетінімізге сененміз!

«Nur Otan» қашан да халықпен бірге!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
214

Аға буын бізді қолдайды!

Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “Nur Otan” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ округті  жылдар бойы басқарып, әкімдік қызметте болған құрметті азаматы Көселбаев Жанат Дүйсембекұлына келіп, канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

“Мен Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы , Волгодонов орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ,қарапайым мұғалім ретінде  еліміздегі ірі  саяси оқиға 10 қаңтарында  жоспарлаған сайлауға қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға сырт қарап,сыншы болмай, қайнаған тірлігіне араласып, қоғамға қызмет ету мақсатында үміткер ретінде тіркелдім.

Бұл додаға ұранды сөз,құрғақ уәдемен емес, білім беру жүйесі мен ұстаздар қауымына, ауыл халықына пайдасы тиер, қолымнан келер бір іспен болса да үлесімді қосқым келеді".

  • Саналы ұрпаққа берілген сапалы білім - болашақтың кепілі. Қазақстанның білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен тоқырауды бастан кешірді. Осынау еліміздегі сын сағатта білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу үшін, сапалы білім үшін күресуге және білім беру әлеуетін көтеруге;
  • Ауыл мектебінің заманауи жабдықталуы үшін жұмыстану.

"Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі" деп М. Жұмабаев айтып өткендей, мұғалім мәртебесінің жоғары болуына барынша ықпал етсем деймін.

0
0
342

Бізді ортақ мақсат біріктіреді

Бүгінгі күні  азаматтар "Nur Otan" партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.Сол бағытта 10 қаңтарда  өткізілгелі отырған мәслихат сайлауы Аршалы ауданының азаматтары үшін не береді? Деген сұрақ  көпшіліктің көкейінде сұрақ күйінде жүргені жасырын емес.

Алдымен осы сұрақ төңірегінде сәл  ой тарқатып көрейік. Аудан көлемінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды есепке алғанда және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, алдағы уақытта  үлкен өзгерістерге толы,экономикалық жағынан тұрақты, қауіпсіз ауданға айналатынына сенімім мол. Оған кепіл - "Nur Otan" партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасы. "Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% - ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.

Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, Аршалы ауданы туризм саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі күні ауданда 4 демалыс аймағы және 3 мейрамхана-қонақ үй кешені бар. Қысқы, ойын-сауық және спорттық туризмді, сондай-ақ демалыс күнінің турларын дамыту жоспарлануда.

Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

"Nur Otan" партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% - ын сапалы жөндеу. Білім сапасын жақсартудың  барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 14 мектепке дейінгі мекеме, 28 мектеп, 1 колледж, ЕЦ 166/5 жанындағы 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады. Осы сайлауға  ауыз жыртар құрғақ ұранды  сөз емес нақты құжат - "Nur Otan" партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, нақты қадамдар жасауымыз керек. Оның ішінде болашаққа аудан көлемінде жоспарланған іс-шаралардың бір парасына ғана тоқталдым.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
221

Мәдениет - қоғамның ажырамас бөлігі

«Жаңа ғасыр мен жаңа мың мыңжылдық табалдырығын егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Асан-Қайғы жырлаған Жерұйыққа, ақын-жырауларымыз, би-шешендеріміз аңсап, мұрат еткен ел азаттығы мен тәуелсіздігіне қиын-қыстау кезеңдерді біршама артқа тастап өз арманымызға жеттік. Ал тәуелсіздік дегеніміз – этностың, халықтың ұлттық мемлекет құруы туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси жетістігі, биігі-ұлттық мемлекет»  – деп еліміздің белгілі академигі Ғарифолла Есім атап көрсеткендей, тәуелсіздікке ие болған жылдардың ішінде еліміз ішкі және сыртқы саясатында үлкен байсалды қадамдарымен, экономикада батыл бастамаларымен бүкіл әлемге танылды, рухани өмірге көптеген жаңа өзгерістер әкелді.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдени құндылықтар адамзат баласын тәрбиелейді.  Бұл сөзіммен мәдениет -  қоғамның  ажырамас бір бөлігі екенін айтқым келеді. Тәуелсіздік жылдарында мәдениет  саласына  едәуір көңіл бөлініп, ондағы мәселелерді шешудің нақты бағыттары айқындалып келе жатқаны қуантады.

Атап айтар болсам, мәдениет үйінің қызметкерлері аянбай еңбек етіп, Аршалы ауданының мәртебесін көтеріп, облыс көлемінде жақсы жетістіктерімен қуантып жүр.  Еліміздегі елеулі саяси оқиға - сайлауда мәдениет қызметкерлері қалыс қалмақ емес.  Ел тарихындағы осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақтың бойына  рухани құндылықтарды сіңіріп, нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуі тиіс. Сондықтан, тәуелсіздігімізге тәу етіп, еліміздің ертеңі үшін дұрыс таңдау жасайық!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.Сізді дұрыс таңдау жасауға және барлық әріптестерімді  "Nur Otan"партиясын мәслихаттағы сайлауда қолдауға шақырамын! Жарқын болашақ үшін дауыс берейік!

0
0
303

“Біріншімен бірге жеңіске жетейік!!!”

Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ  тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

“Бүгінгі күні  азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.Сол бағытта 10 қаңтарда  өткізілгелі отырған мәслихат сайлауы Аршалы ауданының азаматтары үшін не береді? деген сұрақ  көпшіліктің көкейінде сұрақ күйінде жүргені жасырын емес.      Алдымен осы сұрақ төңірегінде сәл  ой тарқатып көрейік. Аудан көлемінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды есепке алғанда және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, алдағы уақытта  үлкен өзгерістерге толы,экономикалық жағынан тұрақты, қауіпсіз ауданға айналатынына сенімім мол.

Оған кепіл – «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасы. «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% – ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.

Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, Аршалы ауданы туризм саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі күні ауданда 4 демалыс аймағы және 3 мейрамхана-қонақ үй кешені бар. Қысқы, ойын-сауық және спорттық туризмді, сондай-ақ демалыс күнінің турларын дамыту жоспарлануда.

Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% – ын сапалы жөндеу. Білім сапасын жақсартудың  барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді  қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 14 мектепке дейінгі мекеме, 28 мектеп, 1 колледж, ЕЦ 166/5 жанындағы 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады.Осы сайлауға үміткер ретінде «Nur Otan» партиясының атынан қатыса отырып, ауыз жыртар құрғақ ұранды  сөз емес нақты құжат – «Nur Otan» партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, нақты қадамдар жасауымыз керек. Оның ішінде болашаққа аудан көлемінде жоспарланған іс-шаралардың бір парасына ғана тоқталдым.”деп аудан дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп, сұрақтарға жауап берді. Мағыналы да мазмұнды кездесу болды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
356

“Дұрыс таңдау-болашақтың кепілі”

Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Қыдырбаева Т.Ұ бюджеттік мекеме қызметкерлерімен, оның ішінде атап айтар болсақ, мектеп мұғалімдерімен және медицина қызметкерлерімен  онлайн режимде кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Мен Қыдырбаева Тыныштық Ұзақбайқызы , Волгодонов орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қарапайым мұғалім ретінде  еліміздегі ірі  саяси оқиға 10 қаңтарында  жоспарлаған сайлауға қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға сырт қарап,сыншы болмай, қайнаған тірлігіне араласып, қоғамға қызмет ету мақсатында үміткер ретінде тіркелдім.

✅Бұл додаға ұранды сөз,құрғақ уәдемен емес, білім беру жүйесі мен ұстаздар қауымына, ауыл халықына пайдасы тиер, қолымнан келер бір іспен болса да үлесімді қосқым келеді.

✅Саналы ұрпаққа берілген сапалы білім – болашақтың кепілі. Қазақстанның білім беру жүйесі үлкен өзгерістер мен тоқырауды бастан кешірді. Осынау еліміздегі сын сағатта білім беру жүйесіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу үшін, сапалы білім үшін күресуге және білім беру әлеуетін көтеруге;

✅Ауыл мектебінің заманауи жабдықталуы үшін жұмыстану;

✅«Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, мұғалім мәртебесінің жоғары болуына барынша ықпал етсем деймін.

✅«​Nur Otan» партиясы Ауыл азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Аймақтарды дамыту», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нұр-Сұлтан қаласының маңын дамыту» жобаларын іске асыру жалғасады. «Ауыл -ел бесігі» бағдарламасы аясында Бабатай-Волгодоновка жолының жөнделу мәселесін көтеру;

  • 2022-2023 жылдары 6 ауылда (Жібек жолы, Волгодоновка, Разъезд, 42, Бабатай, Қойгелді, Қостомар), жалпы ұзындығы 50 км. кентішілік жолдарды жөндеуге қол жеткізу;
  • 2021 жылы Бұлақсай  ауылдық округінде «Ақ-қайын» демалыс аймағының құрылысы, 300 адамға, 200 жұмыс орнын құрумен;

«Nur Otan» партиясының міндеті ауданды тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету. «Nur Otan» партиясы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының 2025 жылға 100% – ға дейін қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.

  • 2023 жылы Бұлақсай ауылында 1 өрт сөндіру бекетін құру

✅2025 жылы Бабатай станциясы, Волгодоновка, Қойгелді және Жалтыркөл ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуды жүргізу;

✅Мен ынта-жігеріммен, бойымдағы тәжірбием мен білімімді алға қойған мақсаттарымның орындалуына жұмсаймын.

Менің мақсаттарым әрине сіз,халықтың қолдауымен жүзеге аспақ.

Қазіргі уақыт бос уәденің емес,тынымсыз еңбек пен нәтиженің уақыты. Осындай ұстаныммен өзімді қолдайтын халықтың игілігі үшін қызмет етіп жүрмін” деп  округ дамуына қатысты мәселелерге барынша жан-жақты түсінік беріп өтті үміткер.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
276