Жаңа
«ХАЛЫҚТАН ҮЛКЕН ЕМЕСПІЗ, СОНДЫҚТАН АЯҚТАЙ КЕЛІП САЙЛАУҒА ШАҚЫРУДЫ ЖӨН КӨРДІК», - дейді үміткерлер
«ХАЛЫҚТАН ҮЛКЕН ЕМЕСПІЗ, СОНДЫҚТАН АЯҚТАЙ КЕЛІП САЙЛАУҒА ШАҚЫРУДЫ ЖӨН КӨРДІК», - дейді үміткерлер
Бүгін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан үміткер Снежанна Имашева және Қалалық Мәслихат депутаттығына үміткер Айнаш Бижанова «Есіктен - есікке» атты акция өткізді.
Үміткерлер акция аясында Орал қаласының «Әбілқайыр хан» даңғылы бойымен жүріп өтіп, жүргінші халықпен өзара әңгімелесіп, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, даңғыл бойында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Сайлау бағдарламасы туралы ақпараттармен қаныққан халық, үміткерлерге өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жеткізді.

- Қарапайым халыққа саяси терминдерді жаттаудың қажеті жоқ. Біз үшін сайлау – жарқын болашаққа кепіл бола алатын партияны ашық түрде сайлайтын процесс. Бүгінгі кандидаттардың осылай үйімізге келіп, жағдайымызды сұрап, сұрақтарымызға жауап бергені маған қатты ұнады. Сіздердің арқаларыңызда мен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттар алдым. Мен секілді әлі де ақпараттанбай жүрген ел-жұрт қаншама, сондықтан осындай ашық, бейресми кездесулер жиі өтіп тұрса екен, - дейді көпбалалы ана - Айжамал.
“Строймат” сауда үйінде халықпен ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне өңірімізден үміткер ретінде тіркелген Имашева Снежана “Строймат” сауда үйінде халықпен ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ өткізді. Шара барысында «Nur Otan» партиясының бағдарламасы түсіндіріліп, тұтынушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
«Nur Otan» партиясының үміткерлері Бұқарбай батыр ауылында
Бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Билеуші партия тарапынан ұсынылған үміткерлер Бұқарбай батыр ауылы тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесуге Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерлер Кенжебаев Ахан, Базарбай Еркін, Серәлі Нарбота, Тәжібаева Ұлжахан, Нұрмағанбетов Әлімбек, Құрманбаева Гүлзат, Жылқыбаев Батыржан қатысты. Ауыл тұрғындарына арналған ақжолтай жаңалықпен бөлісуде үміткер Кенжебаев Ахан өз сөзінде ауыл тұрғындарына электр желілерінің жөнделетіне, елді-мекенішілік жолдарға орташа жөндеу болатынын, мектеп және мәдениет Үйінің күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Ауыл тұрғындары жұмыссыздық, білім беру сынды сауалдарға үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар алды.
Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.
Еркін форматтағы жүздесу
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық штаб мүшесі О.Кубесова Халыққа қызмет көрсету орталығына келген халыққа еркін форматта үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Әсем Мирасова: "Менің таңдауым - "Nur Otan"
Nur Otan - билік пен халық арасындағы рухани байланысты нығайта отырып, қызмет істеуді басты мұрат тұтатын партия. Нұрлы болашаққа жол бастаған Nur Otan бүгінде халықтың қамын, мұң-мұқтажын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия. Менің таңдауым - Nur Otan. Мен сайлауға барамын #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021 @NurOtan, @JasOtan, @NurOtan_BQO, @JasOtan_nqoo
"Кандидатқа сұрақ қой"
“Nur Otan”партиясы Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлім Болатқызы Құрманбаева «Үміткерге сұрақ» айдары аясында әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізді.
Тікелей эфирде партияның сайлауалды бағдарламасына қысқаша түсініктеме беріліп, сайлаушыларға 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып,”Nur Otan”партиясына дауыс беруге шақырды.Сондай-ақ, эфир көрермендері үміткерге өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Мусағалиев Жанболат: "Nur Otan"-ға даусымды беремін
2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға барып Nur Otan партиясына өз даусымды беремін.
NurOtan #JenimpazBol
Алдабекова Лиза: "Өз таңдауымды жасаймын"
2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс және Мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді, сол сайлауда мен өз таңдауымды жасаймын.
"Nur Otan"-ға даусымды беремін
2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға барып, басты партиямыз "NUR OTAN"-ға дауысымды беремін",- дейді Шолпан Насиева. NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021