Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Бүгін партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандармен кандидаттардың кездесуі өтті.

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Алимбетова Орынша Міржақыпқызы, Мусаева Гульшат Исақызы, Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы шара барысында партияның алға қойған мақсат-міндеттерін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде сөз алған кандидат Орынша Міржақыпқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Кедергісіз орта» бағдарламасына қосымша көмек түрлерін қосу жөніндегі ұсынысын алға тартты.

Сәкен Мінуарұлы болса мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған факультет ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға болатынын атап өтті. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткізілетін қолөнер бұйымдары бойынша өтетін көрмені жәрмеңке ретінде ұйымдастырып нәтижесінде, табыс табуға мүмкіндік болады деді.

Кандидат Гульшат Исақызы да тақырып аясында өз пікірін де білдіріп, сайлауалды бағдарлама бойынша партия тарапынан алда атқарылатын жұмыстарды тізіп шықты.

0
0
159

Осы тақырып бойынша

Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті - Yvision.kz