Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кент тұрғындарымен кездесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесті.

Халықпен кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы атқарылар істерге тоқталды.

– Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылға жуық уақытта елімізде, өңірімізде көптеген ауқымды жұмыстар жасалды. Осы жылдарда біздің жетекші партиямыз халықпен бірге болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген тұғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынды. Сапалы жолдар салынып, көшелер абаттандырылуда. Бұл істердің барлығы елдегі бағдарламалардың нәтижесінде жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар әлі де жалғаса береді, – деді «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ибрагим Басықараев.

Тұрғындармен кездесуге «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ибрагим Басықараев, Гүлнар Жұмашева, Орынша Айымбетова және Жаннат Садвақасова қатысты.

Кандидаттармен кездесуге қатысқан кент тұрғындары өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік жобалардың ұтымды тұстары айтылып, болашақ жоспар нақтыланды.

0
0
231

Осы тақырып бойынша

Кент тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz