«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясының атынан үміткерлер Ғалым Әміреев, Әжібек Мампаев, Гүлнар Есқалиева, Гүлнар Жұмашева «Мерей» мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.
Үміткерлер ондағы тұрғындар Әлия Ниязова және Толқын Мұстафаеваның үйлеріне барып, үгіт-насихат кезеңінде партияның негізгі міндетін тілге тиек етті.
Кездесу барысында тұрғындар әртүрлі әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Сондай-ақ, сенім білдіріп, қолдау көрсететін жеткізді.
Сайлаушылардың сөзін тыңдаған кандидаттар өз кезегінде партияның бағдарламасына тоқталды.
