Алматыда қалың қар жауайын деп тұр
Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар хабарлады.

Фото: baq.kz-
"Дүйсенбі 12 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге қалыңдығы 20 сантиметр қар жауады деп күтілуде. Бұл ақпандағы орташа айлық қардың 40 пайызы болғалы тұр", - деп жазылған хабарламада.
Басқармадағылардың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтері қар күреуге толық дайын екен. Дүйсенбі күні көшеге 600-ге дейін техника мен 1220 жұмысшыны шығару жоспарланған.
