Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Мәңгілік ел қалыптастырудың бірінші кілті-тәрбие

Жер бетінде әсіресе адамдарға тәрбиенің маңызы зор .Жаратушы ешкімді ешнәрседен кем қылып жаратпаған .Жерді басқан жәндікті де ,қанат біткен құсты да,ерекше қасиетпен жаратқан адам баласында тең дәрежеде ұстаған.Бірақ ,біздер кейде бізге берілген ырысты бағалай алмай жатамыз.Кішкентай жәндіктен,мүмкіндігі көп адамдар әлсіз секілді .

Осы тұста “М.Жаңа Байбақты” бүркеншек есіммен “Бала тәрбиесі “мақаласын талдап көрелік.Қазақ халқы қай уақытта болмасын , ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген.Адамның адам болып қалыптасуына адамның адам болуына көп тәрбие білем керек екені айдан анық.Молдағали Жолдыбаев адамның аштан ,отқа күйіп ,суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тән тәрбиесін жасау керек болса,жан тәрбиесін де сол кезден бастау керек екенін айтады .Қазақта ”Ұядан не көрсең ,ұшқанда соны ілерсің” деген мақал бар. Баланы бұзуға ,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.Үйінде намаз оқушылар болса ,намаз оқиды ,насыбай атушы бар болса ,қол насыбай қылып атады ,шылым тартушы болса ,шөпті шылым қылып тартады.Домбыра тартушы болса ,қолына түскенін домбыра қылады.

Бұдан біз не ұғамыз?

Ұлт болашағын ойласаң,келешекті өзгертуге ат салысқың келсе бірінші өзіңді тәрбиеле ,балаларыңа дұрыс тәрбие бере біл! Бізде “Ұлың өссе ,ұлы жақсымен ,қызың өссе ,қызы жақсымен ауылдас бол” деген ескі мақалды бекер айтпаған ғой.Ол уақытта халық тәрбиені жоғары ұстай алған.Бір-бірін көзбен-ақ түсінген.Ал қазір көп адамдар балаға берген тәрбиенің керектігін түсінбей ,адамдардың көздері дұрыс пен бұрысты айыра алмай барады.Турасынан айтқанда ,ұлт болашағын дұрыс қалыптастыру ата-аналардың қолында.Діни жағынан да баласына дұрыс тәрбие беру ата-ана парызы.Бала отбасында әкеге қарап , ал, қыз анаға қарап өседі.Соған сая ата-аналар өзін дұрыс ұстап ,дұрыс сөйлеп ,дұрыс іс-әрекет жасаса ұлт болашағы айқын болмақ.Осылайша ,тәрбесі дұрыс қалыптасқан ел ,мәңгілік ел дер едім.Тәрбие жол бастауы ,тәрбие ел бастауы екенін түсіндіңіздер деп ойлаймын құрметті оқырман!

Зарипуллақызы Аружан,

ҚазҰУ,Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

фил.ғ.к.,доцент Р.С.Жақсылықбаева

0
0
335

Осы тақырып бойынша