Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Тоқаев Путинге тағы да қазақша сөйледі. Бірақ бұл жолы ешкім құлаққап іздемеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазан қаласында кеше басталған "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің қатысушыларына сәттілік тіледі. Ол көрші ел президенті Владимир Путинге қарата қазақша сөйледі.

"Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ турнирдің ашылу рәсімінде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.
Бұл ойындарға 107 елден 250 команда қатысады делінген. Жүлде қоры - 10 млн АҚШ доллары.

Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Тоқаев Путиннің Астанаға сапары барысында да қазақша сөйлеп, ресейлік делегация президентінен бастап сасқалақтап қалған еді. Мұндайды күтпеген олар түгел құлаққаптарын іздей бастады.

Ал Қазанда ешкім құлаққап іздеген жоқ. Өйткені біздің президент өз сөзін орысшаға өзі аударып берді.

Видеоны мына жерден көре аласыздар.

0
0
757

Осы тақырып бойынша