Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша қызмет жасап жатқан жастарға  партия билетін табыстау шарасы өтті. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айнұр Қосназарова, Мәдина Сәрсенбайқызы, және Фаризат Әкімоваға салтанатты түрде партиялық билетін табыстады. Сан салада еңбек етіп, биіктен көрініп жүргендер өз жетістіктерін жетекші партияның жүргізіп отырған саясатымен байланыстырды.

Сондай-ақ шара барысында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде жұмыс жасап жатырған  Қолғанат Нысанбаев, Наурызгүл Әбіш сынды жас мамандар партияның мүшелігіне қабылданды.аудандық партия  төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева партия билетін алған және партия мүшелігіне жаңадан қабылданған жастарды құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
155

Білім мен саналы тәрбие- өскелең ұрпақ негізі!

Бүгінде, ел аумағында мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі канвассинг форматында жалғасып жатыр. Осы орайда аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Қойбағаров, Н. Клушев пен Х.Аширбеков Төлеби ауданының құрметті азаматы Ақтаев Сейітхан ағамызбен кездесті.

Кездесу барысында ағамыз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өткен тарихқа үңілді. Ел келешегі үшін атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеп, жеңіс биігінен көрінуге қолдау білдірді.

Білім беру саласы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне қаншалықты маңызды...? Әрине бұл сауал көпшілікті, әсіресе ұл-қыз өсіріп отырған ата-ана мен немере тәрбиелеген ата-әжені қатты алаңдатады.  Ұлттың дамуының қайнар көзі білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ екенін жақсы білеміз. Өз өмірін осы салаға толық арнаған Ақтаев Сейітхан ағамыз зейнет жасында болсада, ауданымыздың қоғамдық өмірінен  бүгінде алыс емес. Ауданымыздың құрметті азаматы, ағарту саласының ардагері канвассинг форматында өткен кездесуімізде "Nur Otan" саяси партиясының жеңіске жетуіне тілектестігін білдіріп, нақты істер партиясының бағдарламасы кешенді, әрі еліміздің дамуы жолындағы алдағы 5 жылдықта маңызды құжат болатынына сенімді.

1
0
164

«Бизнестің жол картасы 2020»бағдарламасын талқылау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн шара

Бүгін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын талқылау мақсатында  Zoom платформасы арқылы онлайн шара өтті. Шараға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов және аудандық депутаттық фракция және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Д.Утепбергенова және орта және шағын бизнес өкілі Б.Жакупова қатысты. Алдымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы жөнінде қысқаша баяндама жасап, аудан бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде «Бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 2784 шағын және орта кәсіпкерлік субьект бар, оның ішінде жұмыс жасап тұрған 2532 субьекті 98,8% көрсетіп тұр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы биылғы жылға 170,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Оған 62 адам құжат тапсырып,оның ішінде 45-і 199,4 млн теңге көлемнде несие алған. Сондай ақ «Атамекен» несие қаржы ұйымы арқылы 3 адам 13,2 млн теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ МОФ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша арқылы 12 адам 116,9 млн теңге көлемінде барлығы 60 адам 329,5 млн теңге несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасының 1 - бағыты бойынша бизнес жобаларды субсидиялау бағдарламасы аясында 1 жоба «Қазына Маңғыстау» ЖШС-і 165,1 млн теңгеге пайыздық үстемелері субсидияланды», - деп аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып өтті.

Шара барысында қатысушылар арасында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасының аудан бойынша қамтылуы және басқа аудандармен салыстырғандағы көрсеткіші, қаржының игерілуі және несие алудағы кездесетін кедергілер, көптің көкейінде жүрген кепілдік жөнінде сұрақ жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды.

0
0
159

Аудандықмаслихатдепутаттығынаүміткер Сабитов А аудан тұрғындарымен үгіт насихат жұмыстарын жүргізді

Мен Сабитов Ануарбек Арманұлы аудандық маслихат  депутаттығына үміткер.

Құрманғазы аудандық зейнеткерлер мен мугедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылды. Кездесу барысында  сайлауалды бағдарламалар түсіндіріліп, ұсыныс  -пікірлер қабылданды.

Еліміздің алдағы жарқын болашағы үшін 10 қаңтар күні  дұрыс таңдау жасаңыздар! Nur Otan-ға дауыс бер! Бізбен бірге жеңімпаз бол!

#NurOtan #Bizbirgemiz

0
0
174

«Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті

«Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін аудандық С.Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайдың қызметкерлерімен  «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының жанынан құрылған Саяси кеңес мүшелері кездесу  өткізді.Жиын басында мұражай маманы  Жұбаназаров Ұлықбек «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында баяндама жасады.  Кездесу барысында тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы бағытында ашық әңгіме өрбіді.

–  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеріміздің  тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, күрмеуі қиын шақтарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастады.  Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын.  Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды. Қазақстанды дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық үшін еткен қызметі ерен.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатырғаны барша халыққа аян. Биыл ауданымызда көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан көлеміндегі барлық елді мекендер интернет желісіне қосылды, ауылішілік асфальт жолдар салынып, көшелер жарықтандырылды. Мектеп, ауруханалар жөндеуден өтіп, халық игілігіне беріліп келеді. Осының бәрі - Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамып, Елбасы мен Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдаған Жолдауларының сөз жүзінде емес, іс пен қызметінің дәлелі,-деді «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева.

0
0
143

«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабы

«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабында азаматтарды қабылдау кестесі құрылды.

Қабылдаулар партияның сенімді өкілдері мен партиялық тізімге енген кандидаттармен 2020 жылдың 11 желтоқсанынан 2021 жылдың 08 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Мекен-жайымыз: Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы , Абылайхан көшесі, 13.

Байланыс телефон: 2-10-75, 87054179858

1
0
292

"Jas Otan"ЖҚ-ның ауыл жастарымен бірлескен"Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында ZOOM форматында

"Jas Otan" ЖҚ-ның ауыл жастарымен бірлескен "Жастар-ауыл тазалығы үшін" тақырыбында ZOOM форматында онлайн кездесуі өтті. Кездесуде жастар ауылдың тазалығы, демалыс орындарындағы тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол бермеу сияқты өз ойларын ортаға салып, басты міндет-ауылдың  тазалығына үлес қосу, оны тап-тұйнақтай етіп ұстап, ауылдың көркеюіне, көгалдануына бір кісідей ат салысатындарын жеткізді.

0
0
132