«Бизнестің жол картасы 2020»бағдарламасын талқылау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн шара
Бүгін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын талқылау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн шара өтті. Шараға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов және аудандық депутаттық фракция және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Д.Утепбергенова және орта және шағын бизнес өкілі Б.Жакупова қатысты. Алдымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы жөнінде қысқаша баяндама жасап, аудан бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде «Бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 2784 шағын және орта кәсіпкерлік субьект бар, оның ішінде жұмыс жасап тұрған 2532 субьекті 98,8% көрсетіп тұр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды…

