Мазмұнға өту

Жаңа

XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, батыс аймағындағы әйгілі Абыл,Нұрым бастаған

XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, Қазақстанның батыс аймағындағы әйгілі Абыл, Нұрым бастаған ақындық мектептің белді өкілі, әйгілі ақын, айтулы жырау Ақтан Керейұлының туғанына биыл 170 жыл толды. Мерейлі датаға орай  аудан жастары арасында ақынның шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында челлендж өтті. Ақтан Керейұлының өмір мәні, ақыл-нақылдық бағыттағы, тұрмыс-салт және адамгершілік пен адалдық тақырыбын жырына арқау қылған және оның терме толғауларын ұрпақ санасына сіңіру біздің ортақ міндетіміз. Челленджге ақын шығармашылығын  домбыраның күмбірлеген күйімен халық назарына ұсынып жүрген аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жоғары белсенділікпен қатысты.  Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағұлованың орындауында Ақтанның  "Жайық деген жанды су" термесін орындап, ұстазы Жарас Ізғалиға жолдады.

0
0
376

Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағалиева бастаған челленджді өнер мектебі

Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағалиева бастаған челленджді өнер мектебі  Тұщықұдық ауылы филиалының  мұғалімі Жарас Ізғали  қабыл алып, "Қалағандарың сөз болса" термесін орындады.

0
0
193

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері денсаулық сақтау

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының депутаттық фракциясы мүшелері  денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен CVI-дің алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық мәслихат депуттары С.Қапашұлы, Т.Ерманов, А.Жұмалиев және аудандық орталық аурухананың директоры Ж.Нұрлыбаева және ақ халатты абзал жандар қатысты. Онлайн кездесуде аудандық аурухананың директоры  Жанар Сайынқызы қазіргі кездегі аурухананың ахуалын баяндап, емдеу мекемесінің заманауи, жаңа құрылғылармен толығып жатқанын және ауруханада дәрі-дәрмек қорымен арнайы қорғаныш киімдерінің жеткілікті екенін, сондай-ақ CVI-ге байланысты аудандық аурухана жанынан құрылған мобильді бригаданың қызметі туралы баяндады. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан ауданның денсаулық сақтау саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, өз ойларын ортаға салды.

0
0
137

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде қайтарымсыз несие беру жөнінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған көмекшілердің қызметтері жөнінде қойылған сауалдарға әлеуметтік қызметкер Шақпақова Айгүл Имамадиқызы және Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері жауап берді.

0
0
165

"Nur Оtan" партиясы Исатай аудандық сайлауалды штабының мүшесі Н.Кабулова дәрігерлерімен кездесті

Кездесуде "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданының сайлауалды бағдарламасы, ондағы 7 негізгі бағыт бойынша атқарылатын шаралар, мысалы: аудандағы дәрігерлердің тапшылығы мәселесін шешу, дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз ету, қорғаныш құралдармен ауданның барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз ету, 2021 жылы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, 2022 жылы аудандық орталық ауруханасының ғимаратын, Х.Ерғалиев дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жүргізу,

2023 жылы Зинеден фельдшерлік-акушерлік пунктін күрделі жөндеу, 2025 жылға дейін Исатай ауылы, Қызыл үй, Айбас елді мекендеріне 3 жедел жәрдем көліктерін жаңарту, т.б сынды мәселелер талқыланды.

0
0
141