«Бизнестің жол картасы 2020»бағдарламасын талқылау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн шара
Бүгін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын талқылау мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн шара өтті. Шараға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов және аудандық депутаттық фракция және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Д.Утепбергенова және орта және шағын бизнес өкілі Б.Жакупова қатысты. Алдымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ө.Ахметов «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы жөнінде қысқаша баяндама жасап, аудан бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде «Бүгінгі таңда аудан бойынша барлығы 2784 шағын және орта кәсіпкерлік субьект бар, оның ішінде жұмыс жасап тұрған 2532 субьекті 98,8% көрсетіп тұр. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы биылғы жылға 170,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Оған 62 адам құжат тапсырып,оның ішінде 45-і 199,4 млн теңге көлемнде несие алған. Сондай ақ «Атамекен» несие қаржы ұйымы арқылы 3 адам 13,2 млн теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ МОФ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша арқылы 12 адам 116,9 млн теңге көлемінде барлығы 60 адам 329,5 млн теңге несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасының 1 - бағыты бойынша бизнес жобаларды субсидиялау бағдарламасы аясында 1 жоба «Қазына Маңғыстау» ЖШС-і 165,1 млн теңгеге пайыздық үстемелері субсидияланды», - деп аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып өтті.
Шара барысында қатысушылар арасында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасының аудан бойынша қамтылуы және басқа аудандармен салыстырғандағы көрсеткіші, қаржының игерілуі және несие алудағы кездесетін кедергілер, көптің көкейінде жүрген кепілдік жөнінде сұрақ жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды.
