Білім мен саналы тәрбие- өскелең ұрпақ негізі!
Бүгінде, ел аумағында мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі канвассинг форматында жалғасып жатыр. Осы орайда аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Қойбағаров, Н. Клушев пен Х.Аширбеков Төлеби ауданының құрметті азаматы Ақтаев Сейітхан ағамызбен кездесті.

Кездесу барысында ағамыз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, өткен тарихқа үңілді. Ел келешегі үшін атқарылып жатқан игі істерге сәттілік тілеп, жеңіс биігінен көрінуге қолдау білдірді.
Білім беру саласы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне қаншалықты маңызды...? Әрине бұл сауал көпшілікті, әсіресе ұл-қыз өсіріп отырған ата-ана мен немере тәрбиелеген ата-әжені қатты алаңдатады. Ұлттың дамуының қайнар көзі білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ екенін жақсы білеміз. Өз өмірін осы салаға толық арнаған Ақтаев Сейітхан ағамыз зейнет жасында болсада, ауданымыздың қоғамдық өмірінен бүгінде алыс емес. Ауданымыздың құрметті азаматы, ағарту саласының ардагері канвассинг форматында өткен кездесуімізде "Nur Otan" саяси партиясының жеңіске жетуіне тілектестігін білдіріп, нақты істер партиясының бағдарламасы кешенді, әрі еліміздің дамуы жолындағы алдағы 5 жылдықта маңызды құжат болатынына сенімді.
