Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша қызмет жасап жатқан жастарға партия билетін табыстау шарасы өтті. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айнұр Қосназарова, Мәдина Сәрсенбайқызы, және Фаризат Әкімоваға салтанатты түрде партиялық билетін табыстады. Сан салада еңбек етіп, биіктен көрініп жүргендер өз жетістіктерін жетекші партияның жүргізіп отырған саясатымен байланыстырды.

Сондай-ақ шара барысында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінде жұмыс жасап жатырған Қолғанат Нысанбаев, Наурызгүл Әбіш сынды жас мамандар партияның мүшелігіне қабылданды.аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева партия билетін алған және партия мүшелігіне жаңадан қабылданған жастарды құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
118

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның түрлі саласы бойынша - Yvision.kz