Nur Otan: Жастар әрқашан басымдыққа ие
Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Бүгінгі жаңа ұрпақ алдында тұрған негізгі проблемалар Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттығына, сондай-ақ Nur Otan партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың жастармен кездесуінде талқыланды.Жиналғандардың барлығы дерлік жастарды ақысыз білім, жұмыспен қамту және баспана алаңдатады деген пікірге келді. Бұл мәселелерге Nur Otan партиясының қолдауымен жүзеге асқан бірқатар мемлекеттік бағдарлама – үлкен қолдау.Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев ауыл тұрғындарының, жастардың мәселелеріне назар аударды. Үміткер сайлауалды бағдарламасында азаматтардың өзекті мәселелерін (ауыз су, жолдар және тағы б…