Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Д.Тұрғанов Т.Бейсқали Миялы ауылының тұрғындарымен кездесті
Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Т.Бейсқали ашып, жүргізіп отырды. Онда үміткер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына қысқаша тоқталып өткен соң кездесу одан әрі ұсыныс-пікір айту бағытында өрбіді.Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына байланысты өзіндік ой-пікірлерін ортаға салған Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның директоры Өтеуғали Дүйсәлі:– Жыл өткен сайын еліміздің жағдайы жақсарып, халықтың тұрмысы түзеліп келеді. Дейтұрғанмен халықтың тұрмыс-тіршілігінің одан әрі жақсара түсуіне депутаттардың ықпалы керек деп есептеймін. Бұл ретте, халықтың арасында танымал, беделді, қолынан көп жұмыстар келетін, ауыл өмірімен жақсы таныс, халықпен етене жақын адамдардың депутат болғаны жақсы. Егер Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутатты болып…