Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Айнабұлақ, Қараағаш ауылдарында агитациялық кездесулер өткізді
"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Айнабұлақ, Қараағаш ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізді.
Партия кандидаттары Ө.Уалиев, Қ.А.Имантүсіпов, Е.Түсіпов, А.Түсіпов партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесулер барысында кандидаттар елді мекендердегі бірқатар маңызды мәселелер жөнінде жақсы білетіндігін, және олардың шешімін табуы үшін атқарылып отырған жұмыстар мен алдағы мақсаттар жөнінде айта келіп, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.
Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды
