Пәтер Иелері Кооперативі жұмысымен танысты
Бүгін облыстық маслихатқа кандидат Салиева Әлия Өтемісқызымен бірге Пәтер Иелері Кооперативі жұмысымен танысу және Facebook желісінде қойылған сауалдармен кері байланысқа шығу мақсатында №8 округ бойынша Абай даңғылы,55 үйдің тұрғындарымен кездесу болды.
1980 жылдары салынған үйдің 9 қабатынан бастап қабырғаларының жарылуы тұрғындарды қатты мазалайды,апатты үй деп танылу үшін құқықтық түсіндіруді сұрады.
Сонымен қатар екі кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желідегі түсіндіру жазбасына Құрманғазы көшесі бойындағы,165 үй мекен-жай бойынша орналасқан үйдің ( бұрынғы «Юность» жатақханасы) жағдайымен (№8 округқа аумақтық жатпайды) танысуға шақырған қала тұрғыны Досмағамбетов Талғатпен кездесуге бардық.
Пәтер Иелері Кооперативі төрағасын шақырғанымызбен кездесу мүмкін болмады,дегенмен сол үйде тұратын адамдармен бірге жүргізілген визуалды қарау нәтижесінде қоқыс салатын контейнердің жоқтығы,жұмыс жасамайтын жеделсаты (лифт),жылу үшін жоғары төлемнің болуы, балалар ойын алаңының болмауы т.б мәселелер көтеріліп, бастамашыл топ құру жөнінде және келесі аптада тағы кездесуге салалық қызметкерлермен келетінімізді айттық.
Осы кездесу орнында жеке мәселелері бойынша да басқа да қала тұрғындары жолығып,сауалдарын қойды.
