Мазмұнға өту

Жаңа

Nur Otan: Жастар әрқашан басымдыққа ие

Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Бүгінгі жаңа ұрпақ алдында тұрған негізгі проблемалар Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттығына, сондай-ақ Nur Otan партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың жастармен кездесуінде талқыланды.

Жиналғандардың барлығы дерлік жастарды ақысыз білім, жұмыспен қамту және баспана алаңдатады деген пікірге келді. Бұл мәселелерге Nur Otan партиясының қолдауымен жүзеге асқан бірқатар мемлекеттік бағдарлама – үлкен қолдау.

Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев ауыл тұрғындарының, жастардың мәселелеріне назар аударды. Үміткер сайлауалды бағдарламасында азаматтардың өзекті мәселелерін (ауыз су, жолдар және тағы басқа) шешуге ғана емес, білім беру проблемаларына да назар аударды. Жасыратыны жоқ, жастар туған ауылына сирек оралады, олар қалаларда жұмыс жасауды жөн көреді. Сондықтан жастарды ауылға тарту үшін оларға барлық жағдайды жасау керек: лайық жалақы мен баспана берілуге тиіс.

сайлау, Nur Otan

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының бірегейлігіне тоқталды. Шынында да, жалпы бағдарламадан басқа, әрбір нақты аймақ пен қала үшін осы елді мекеннің проблемаларын ескере отырып,  әзірленді. Жалпы алғанда, бағдарлама жеті бағытты қамтиды, олардың ішіндегі басты бағыттардың бірі – “Жастарға арналған аймақ”.

Мемлекет басшысының үшінші бастамасына сәйкес, студенттердің білім сапасы мен күнделікті өмірін жақсарту мақсатында жоғары оқу орындарына жатақхананы өз қаражаты есебінен салуға кеңес беріледі. Бұл қаражат жергілікті бюджеттің есебінен өтеледі. Бұл бірегей бағдарлама, соның арқасында 5 жыл ішінде біздің облыста 5700 орындық студенттер жатақханасы салынады, – деді спикер.

Биыл партия жаңартылып, қайта жүктелді. Енді депутаттық корпустың құрамы кем дегенде 20%-тен және әйелдер кем дегенде 30%-тен тұруы керек, бұл тағы да Nur Otan-ның жастарға арқа сүйейтінін көрсетеді.

Кездесуге қатысқан студенттерді студенттердің шетелге кетуі және оларды Ақмола облысында жұмыс істеуге тартудың баламалары мазалады. Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ ректоры Марат Сырлыбаев жастарды тарту үшін білім беру мекемесінде жұмыс істеуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті: жалақы көбейтіліп, пәтер беру басталады.

Алайда осының барлығымен, М.Елубаевтың пікірінше, біріншіден, ҰБТ-ға қатысқысы келмейтін, екіншіден, арзан білім іздеген, үшіншіден, тегін жатақхана тапқысы келетін оқушылар елден кетіп қалады екен. Бұл жағдайда не істеу керек? Мүмкіндігінше, көп студенттер өз елдерінде оқи  алатындай қосымша гранттар берілу керек. Мемлекет мұны тұрақты түрде «Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырады.

“Той Дастархан” ЖШС директоры Елена Мащинская осы мәселе бойынша спикерлермен ынтымақтастықта болды. Жастардан тек білім алу және өздеріне нақты мақсаттар қою талап етіледі.

Ешқайда барудың қажеті жоқ, елімізде де бәріне қол жеткізуге болады! Қазақстанда жастарға көптеген мүмкіндіктер жасалды. Барлық жолдар ашық және бұған Nur Otan партиясы мүмкіндік жасайды! – деген Елена Мащинская, пандемиядан кейін ел экономикасын жастар өкілдерінің көмегімен көтеру қажет екенін де айтты.

“Асыл Арман” ЖШС бас директорының орынбасары Омар Шанозаров ауылдарда, мысалы, ауыл шаруашылығында мамандардың жетіспеушілігін баса айтты. Бұл сала біздің облыста ең көп сұранысқа ие, және өзін осыған арнаған жастар лайықты жұмыс таба алады. Омар Шанозаров шетелдік инвесторлармен жұмыс істей отырып, Қазақстандағы білім шетелдік білімнен гөрі әлдеқайда жақсы деген қорытындыға келді.

Спорт алаңдары мен жиынтықтарының, жатақханалардың, пәтерлердің құрылысы – барлығы партияның бағдарламасына енген. Жұмыс істейтін ауыл жастары үшін 5 жыл ішінде 600 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін 17 жоба іске асырылады», – деді ол.

Сондай-ақ “Көкшетау миниралды сулары” АҚ-ның басшысы Станислав Максимец пен облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайын облыс жастары алдында сөз сөйледі. Соңында мемлекет пен партияның ақмолалықтардың іскерлік идеяларын жүзеге асырудағы қолдауы туралы айтты. Ең бастысы, біліп алу керек, ал мемлекеттік бағдарлама бастапқы грантты алуға көмектеседі.

Кездесуді Jas Otan ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев қорытындылап, бірден-бір Қазақстандағы  Jas Otan жастар саяси ұйымы Nur Otan партиясы негізінде құрылғанын айтты. Ол партиямен бірге барлық туындаған проблемалық мәселелерді шешуде жастарға көп көмектесетінін де жеткізді.

Қорытындылай келе, кездесуге қатысқан аймақ жастарын 10 қаңтарда Nur Otan партиясына дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

0
0
217

Ақадыр кентінің тұрғындарымен "Есіктен есікке" Акциясы өткізілді.

Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асан С.Ю сенімді өкілі Ақадыр кентінің тұрғындарымен "Есіктен есікке" Акциясы өткізілді. Асан С.Ю сенімді өкілі тұрғындарды сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды және "Nur Otan" белсенді дауыс беруге үгіттеді.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
171

Ақадыр кентінде экспромт кездесуі өтті.

Ақадыр кентінде  экспромт кездесуі өтті. Кездесуде ҚР Мәжілісіне депутаттығына үміткер Асан С.Ю. Кент тұрғындарымен кездесті. Сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, облыстық бағдарламада көрсетілген бағыттарға тоқталды. Әрбір сайлаушының жеке пікірі мен  партияға деген көзқарасын білді.

Өз кезегінде кездесушілер көкейкесті сауалдарын жолдап,  ұсыныс-тілектерін жолдады.

0
0
297

Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін  "Nur Otan"  партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл, Кенжебаев Ахан, Бақбергенұлы Ерхан, Мамзадаева Құралай, Қожанияз Алпамыстар ауданымыздағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» "Nur Otan"   партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Келелі кездесуде «Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Жалағаш ауданының артықшылықтарының әлеуетін пайдаланатын боламыз. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен   өңдеуші кәсіпорындар ашуға, оның ішінде:

 2021 жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өңдеу цехын ашуға;

 2021 жылы «БИС Групп» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауытын қайта іске қосуға;

 2022 жылы асыл тұқымды ешкілер санын көбейту арқылы ет өндіру және ешкі сүтін өндеу цехын ашуға;

 2022 жылы шөп түйіршіктелген өндіру цехын ашуға;

 2022 жылы картоннан қағаз өнімдерін шығаруға;

 2022 жылы жүннен көрпе, көрпеше жасау цехын ашу;

 2022 жылы асфальт бетон зауытын іске қосу;

 2022 жылы жеке медициналық орталығын ашу;

 2022 жылы жарық шамдарын шығаратын цехын;

 2022 жылы комбикорм өндіретін және тәулігіне 60 тонна күрішті өндеу цехын ашуға;

 2022 жылы жиһаз өндіру цехын ашуға;

 2023 жылы күйдірілген кірпіш өндіру зауытын (қуаттылығы тәулігіне 5 мың кірпіш) ашуға;

 2022 жылы сүт өнімдерін өндіру цехын ашуға;

 2025 жылы құс етін өндіру цехын ашуға;

 2025 жылы бақша дақылдарын өндеу цехын ашуға ықпал етеді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді» - деді үміткер Қаншагүл Мұстафаева.

Кездесуге барысында қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға тұщымды жауаптар беріліп, 10 қаңтар күні болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

#NurOtan

#NurOtanZhalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

0
0
241