Мазмұнға өту

Жаңа

Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Ержан Саденов отандастарымен кездесті

АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Нью-Йорк қаласының полиция департаментінде қызмет атқарып жүрген этникалық қазақтармен кездесті.

0
0
183

Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71%-ға артты

Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ билеттерін іздеу сұраныстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өскен. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

0
0
188

Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан 885 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Дархан Сатыбалды азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

0
0
226

Алматылықтарға әлеуметтік қолдау саласында 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда әлеуметтік қолдау саласында 23 460 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның басым бөлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты.

0
0
202

Полиция ескертеді: қоғамдық орындарда бетті заңсыз жасыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады

Қостанай облысы ПД азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті немесе өзге де заттарды заңда көзделген негіздерсіз пайдалануға тыйым салынғанын ескертеді.

0
0
192

ІІМ: Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

Ішкі істер министрлігі елде қоғамдық және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Патрульдік бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді. Соның нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс деңгейі төмендеп, жол-көлік оқиғаларының саны да азайды.

0
0
170

Қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді: ІІМ-де екінші жартыжылдықтың басым бағыттары айқындалды

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындыcы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды.мОтырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін, онда "Заң мен Тәртіп" қағидаты конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті.

0
0
160

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Алматы қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімдігінің қолдауымен «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Алатау дәстүрлі өнер театрының ашық алаңында өткен мәдени шараға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қазақтың төл өнері мен ұлттық мәдениетінің мерейін асырған ерекше кештің куәсі болды.Кеш барысында еліміздің танымал дәстүрлі және эстрада өнерпаздары бір сахнада бас қосып, көрерменге ұлттық нақыштағы бай концерттік бағдарлама ұсынды.

0
0
139

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Алматы қаласында Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімдігінің қолдауымен «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Алатау дәстүрлі өнер театрының ашық алаңында өткен мәдени шараға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қазақтың төл өнері мен ұлттық мәдениетінің мерейін асырған ерекше кештің куәсі болды.Кеш барысында еліміздің танымал дәстүрлі және эстрада өнерпаздары бір сахнада бас қосып, көрерменге ұлттық нақыштағы бай концерттік бағдарлама ұсынды.

0
0
122

Астана ПД қызметкерлері ІІМ чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен жауынгерлік қарудан ату бойынша екі күндік республикалық чемпионат өтті.

0
0
137