Мазмұнға өту
Обложка сообщества Алматы қаласы

Алматыда білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтікмінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасын іске асыру аясында білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті. Іс-шараны ЮНИСЕФ-тіңқолдауымен қалалық Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды.

Оқыту балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид қаупін ертеанықтау және оның алдын алуға арналған «Сенімді дос» бағдарламасыбойынша өткізілді. Курс барысында мамандар суицидтік мінез-құлықтыңалдын алуға оқу орнының әрбір қызметкері жұмылдырылуы тиіс дегентәсілді меңгерді.

Қатысушылар жасөспірімдердің сырт келбетіндегі, мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйі мен сөздеріндегі алаңдатарлық белгілерді тануғаерекше назар аудара отырып, әрекет ету алгоритмдерін зерттеді. Психологтардағдарыс жағдайындағы баламен сенімді қарым-қатынас орнату — оныңсезімдерін құнсыздандыруды, салыстыруды және айыптауды толығыменжоққа шығаратын байланыс құру дағдыларын пысықтады.

Тәжірибелік сабақтарда нақты кейстерге талдау жасалды. Ол ақпараттыжасыру немесе маман емес адамдардың психолог рөлін өз мойнына алуәрекеттері қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін айқын көрсетті. Сондай-аққатысушылар уақтылы кәсіпаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын жәнебалаларға қолдау алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 111 байланысорталығына жүгінуді ұсыну қажеттілігін талқылады.

Осы тақырып бойынша