Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидаттардың қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдауы

Құрметті, Маңғыстау облысы тұрғындары!

25 желтоқсан күні сағат 11:00-13:00 аралығында   "Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткер Ospan Kazakhbayev азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтынын хабарлаймыз!

Осыған байланысты көкейкесті сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңыз болса 8(7292)430047 телефон арқылы алдын ала жазылуыңызды сұраймыз!

0
0
129

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Егіндікөл ауданының 50 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өткізілді, оның құрылысына аудандық бюджет қаражатынан 26,5 млн.теңге бөлінді. Кешен мини-футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған әмбебап залмен жабдықталған. АМҮ қазандығының ескі үй-жайлары душ кабиналары бар киім шешетін бөлмелерге және жаттықтырушылар бөлмелеріне қайта жабдықталды.

Табанды жаттығудың, әрдайым бірінші орында болуға деген ұмтылыстың арқасында осы заманауи спорт кешенінің қабырғасында әлемдік деңгейдегі көптеген спортшылар дайындалатын болады.

Бүгінгі ашылу салтанатына біздің жерлесіміз, бокстан Азия ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ілияс Сүлейменов қатысып, ауданға жаңа бокс рингін сыйлады. Өз сөзінде Ілияс ауыл спортшыларын қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданда спорттың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

🔷️В рамках празднования Дня Независимости Республики Казахстан и 50 летнего юбилея Егиндыкольского района провели открытие нового физкультурно-оздоровительного комплекса, на строительство которого из средств районного бюджета было выделено 26,5 млн.тенге. Комплекс оборудован универсальным залом для игры в мини-футбол, волейбол и баскетбол. Старые помещения котельной РДК были переоборудованы в раздевалки с душевыми кабинками и тренерские комнаты.

Благодаря упорным тренировкам, стремлению быть всегда на первом месте, в стенах этого современного спортивного комплекса будет подготовлено немало спортсменов мирового уровня.

На сегодняшнем открытии принял участие наш земляк, чемпион Азиатских игр по боксу, Мастер спорта международного класса Ильяс Сулейменов, который подарил району новый боксерский ринг. В своем слове Ильяс подчеркнул важность поддержки сельских спортсменов, выразил уверенность, что новый физкультурно-оздоровительный комплекс, несомненно, придаст импульс развитию спорта в  районе.

0
0
166

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Акмуханов Шалғын ауылының еңбек ардагерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Акмуханов Шалғын ауылының еңбек ардагерлері Мухаметияров Әмірғали мен Амантаев Құбайдолланың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткер тұрғындарға сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, тұрғындарды сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.

0
0
191

Кандидаттардың қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдауы

Құрметті, Маңғыстау облысы тұрғындары!

25 желтоқсан күні сағат 15:00-17:00 аралығында   "Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мусабаев пен Yerbol Mukashev жеке сұрақтарымен қабылдайтынын хабарлаймыз!

Осыған байланысты көкейкесті сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңыз болса 8(7292)430047 телефон арқылы алдын ала жазылуыңызды сұраймыз!

0
0
117

Орал ақпараттық-технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті

"Nur Otan" партиясының атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Атауов пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Батпақұлова  Орал ақпараттық-технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті.

Қала тұрғындары осы ауданда жаяу жүргіншілер жолағы орнатылса деген ұсыныстарын жеткізді. Ал кіші қызметкерлер зейнеткерлік жасына байланысты сауалдарын жолдаса, Деркөлде тұратын қызметкерлер қоқыс контейнерлері қажеттігін айтты.

Сегодня кандидаты в депутаты от партии "Nur Otan" Бауржан Атауов и Гульмира Батпакулова встретились с коллективом Уральского информационно-технологического колледжа.

0
0
199

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өз жалгасын табуда.

 Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекулы Шолаққорған ауылының турғындарымен "Есіктен есікке" акциясы бойынша кездесулер өткізді. Іс шара барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Аталған акцияға "Jas Otan"  ЖҚ Созақ аудандық филиалы тарапынан жасақталған белсенділер де қатысты.

"Nur Otan" партиясы ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күннен бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп, гүлденуіне қомақты үлесін қосып келеді. 

Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың жаршысы болған "Nur Otan"    партиясының атқарған және атқаратын жұмысы ұшан-теңіз. 

Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса барлық қиындықты жеңіп мақсатымызға жетеміз. 

"Nur Otan"- ға дауыс бер!

#JenimpazBol

#NurOtanSozaq

#JasOtanSozaq

0
0
186

Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу

#NurOtan

#КандидатпенКездесуөтті

#Сайлау2021

Бүгін ауданымызға «Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында ауыл азаматтары А.Хамидуллин, С.Каналиев, мәдениет саласының ардагері Ә.Бақтияров, С.Ибрагимовтер партия саясатын қолдайтындықтарын білдіре отырып, ауылдағы білім ордасына, мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау керектігін айтты.

#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз!

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
172

«Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді.

Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынбек Байтеміров пен Рустам Ахметов, Сергей Доля «Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді. Тұрғындарды ел аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардан және саяси науқанға дайындық барысынан хабардар етті. Сонымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын өздерінің алға қойған мақсат-мүдделерімен ұштастырып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Өздерінің «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқандарын жеткізіп, партияны бір ауыздан қолдауға үндеді.

0
0
193

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өткізілді.

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өткізілді.

      2020 жылдың 21 желтоқсан күні "Есіктен есікке"  акциясы аясында аудандық партия үміткері Әлімбекова Гүлсара сауда орталықтары мен дәріханаларда ауыл тұрғандарымен жүздесіп, "Nur Otan" партиясын қолдап,  дауыс беруге шақырды. Еліміздегі жетекші партия "Nur Otan" партиясының алдына қойған мақсаты әрбір жерлесіміздің әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін өмір сүруге қолайлы етуге бағытталғандығы жан-жақты түсіндірілді. 

     Мұнымен қоса,  аталған акция аясында Созақ ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Тәжі Нұрхожаевтың шаңырағында болды. Ардагер "Nur Otan" партиясының бастамаларын қолдайтындығын айтып,  саяси додада партияға сәттілік тіледі.

0
0
161