Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Акмуханов Шалғын ауылының еңбек ардагерлерімен кездесті
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Акмуханов Шалғын ауылының еңбек ардагерлері Мухаметияров Әмірғали мен Амантаев Құбайдолланың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткер тұрғындарға сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, тұрғындарды сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.
