Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Егіндікөл ауданының 50 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өткізілді, оның құрылысына аудандық бюджет қаражатынан 26,5 млн.теңге бөлінді. Кешен мини-футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған әмбебап залмен жабдықталған. АМҮ қазандығының ескі үй-жайлары душ кабиналары бар киім шешетін бөлмелерге және жаттықтырушылар бөлмелеріне қайта жабдықталды.

Табанды жаттығудың, әрдайым бірінші орында болуға деген ұмтылыстың арқасында осы заманауи спорт кешенінің қабырғасында әлемдік деңгейдегі көптеген спортшылар дайындалатын болады.

Бүгінгі ашылу салтанатына біздің жерлесіміз, бокстан Азия ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ілияс Сүлейменов қатысып, ауданға жаңа бокс рингін сыйлады. Өз сөзінде Ілияс ауыл спортшыларын қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданда спорттың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

📷📷📷

📷В рамках празднования Дня Независимости Республики Казахстан и 50 летнего юбилея Егиндыкольского района провели открытие нового физкультурно-оздоровительного комплекса, на строительство которого из средств районного бюджета было выделено 26,5 млн.тенге. Комплекс оборудован универсальным залом для игры в мини-футбол, волейбол и баскетбол. Старые помещения котельной РДК были переоборудованы в раздевалки с душевыми кабинками и тренерские комнаты.

Благодаря упорным тренировкам, стремлению быть всегда на первом месте, в стенах этого современного спортивного комплекса будет подготовлено немало спортсменов мирового уровня.

На сегодняшнем открытии принял участие наш земляк, чемпион Азиатских игр по боксу, Мастер спорта международного класса Ильяс Сулейменов, который подарил району новый боксерский ринг. В своем слове Ильяс подчеркнул важность поддержки сельских спортсменов, выразил уверенность, что новый физкультурно-оздоровительный комплекс, несомненно, придаст импульс развитию спорта в районе.

0
0
135

Осы тақырып бойынша

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өткізілді - Yvision.kz