«Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді.
Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынбек Байтеміров пен Рустам Ахметов, Сергей Доля «Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді. Тұрғындарды ел аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардан және саяси науқанға дайындық барысынан хабардар етті. Сонымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын өздерінің алға қойған мақсат-мүдделерімен ұштастырып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Өздерінің «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқандарын жеткізіп, партияны бір ауыздан қолдауға үндеді.
