«Біздің үміткер» айдарында – Голоухов Владислав Валерьевич.Ол 1979 жылы 10 қарашада дүниеге келген.1995-2001 жылдары – Самара мемлекеттік университетінде білім алған. Оқу бітіргеннен кейін әр жылдары «Автокомбинат» ААҚ-да директордың көмекшісі, «Автоснабтехника» ЖШС-да коммерциялық директор, «Автокомбинат» ЖШС-да директордың орынбасары, «Кама Казахстан» сауда үйі» ЖШС-да коммерциялық директор болып жұмыс атқарған.В.Голоухов соңғы лауазымын атқара жүріп, барлық арналар бойынша Қазақстан аумағында тауар өткізу желісін құруға, нарық пен бәсекелестерді талдауға, дөңгелек өндірісі саласын ілгерілетуге ықпал етті.Ал 2008 жылдан бері аталмыш серіктестіктің директоры қызметін атқарып келеді. Бұл ретте баға саясатын енгізу, таратудың барлық арналары бойынша компанияның пайдалылығын ұлғайту, таза к…