Мазмұнға өту

Жаңа

Орал ақпараттық-технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті

"Nur Otan" партиясының атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Атауов пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Батпақұлова Орал ақпараттық-технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті.

Қала тұрғындары осы ауданда жаяу жүргіншілер жолағы орнатылса деген ұсыныстарын жеткізді. Ал кіші қызметкерлер зейнеткерлік жасына байланысты сауалдарын жолдаса, Деркөлде тұратын қызметкерлер қоқыс контейнерлері қажеттігін айтты.

Сегодня кандидаты в депутаты от партии "Nur Otan" Бауржан Атауов и Гульмира Батпакулова встретились с коллективом Уральского информационно-технологического колледжа.

0
0
178

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өз жалгасын табуда.

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекулы Шолаққорған ауылының турғындарымен "Есіктен есікке" акциясы бойынша кездесулер өткізді. Іс шара барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Аталған акцияға "Jas Otan" ЖҚ Созақ аудандық филиалы тарапынан жасақталған белсенділер де қатысты."Nur Otan" партиясы ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күннен бастап халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп, гүлденуіне қомақты үлесін қосып келеді. Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың жаршысы болған "Nur Otan" партиясының атқарған және атқаратын жұмысы ұшан-теңіз. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса барлық қиын…

0
0
162

Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу

#NurOtan#КандидатпенКездесуөтті#Сайлау2021Бүгін ауданымызға «Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында ауыл азаматтары А.Хамидуллин, С.Каналиев, мәдениет саласының ардагері Ә.Бақтияров, С.Ибрагимовтер партия саясатын қолдайтындықтарын білдіре отырып, ауылдағы білім ордасына, мәдениет ошақтарына күрделі жө…

0
0
144

«Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді.

Бүгін "Nur Otan" партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тұрсынбек Байтеміров пен Рустам Ахметов, Сергей Доля «Алтындар» сауда үйінде болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді. Тұрғындарды ел аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардан және саяси науқанға дайындық барысынан хабардар етті. Сонымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын өздерінің алға қойған мақсат-мүдделерімен ұштастырып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Өздерінің «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқандарын жеткізіп, партияны бір ауыздан қолдауға үндеді.

0
0
174

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өткізілді.

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы өткізілді.

2020 жылдың 21 желтоқсан күні "Есіктен есікке" акциясы аясында аудандық партия үміткері Әлімбекова Гүлсара сауда орталықтары мен дәріханаларда ауыл тұрғандарымен жүздесіп, "Nur Otan" партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Еліміздегі жетекші партия "Nur Otan" партиясының алдына қойған мақсаты әрбір жерлесіміздің әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін өмір сүруге қолайлы етуге бағытталғандығы жан-жақты түсіндірілді.

Мұнымен қоса, аталған акция аясында Созақ ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Тәжі Нұрхожаевтың шаңырағында болды. Ардагер "Nur Otan" партиясының бастамаларын қолдайтындығын айтып, саяси додада партияға сәттілік тіледі.

0
0
138

«Біздің үміткер» айдарында – Мұхамбетәлиев Серік Хайырұлы

«Біздің үміткер» айдарында – Мұхамбетәлиев Серік ХайырұлыБілім саласында 25 жылға жуық уақыт қызмет еткен Серік Хайырұлы – Оралдағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.Ол 1967 жылы қазіргі Сырым ауданында Өлеңті ауылында дүниеге келген. 1992 жылы сол кездегі Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «агрономия» мамандығы бойынша үздік бітіріп, екі жыл оқу-тәжірибелік шаруашылығы саласында өз мамандығына сәйкес жұмыс жасаған. Ал 1994-1998 жылдары өзі білім алған институт жанындағы аспирантурада оқыса, 2000 жылы Самара ауылшаруашылық академиясынан өзінің кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Кейін білімін жетілдіру бағытында «Мұнай-газ ісі» және «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша жоғары білім алды.1998 жылдан техни…

0
0
309

Канвассинг Ақтай-сай ауылында

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер С.Жумина Ақтай-сай ауылының "Елім-ай" әжелер ансамблінің белді мүшесі, ардақты ана Бөденова Сымбат апайдың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сымбат апай елдің амандығын тілеп отырғанын айтып, үміткерге ризашылығын білдіріп, сайлауға дауыс беруге баратынын жеткізді.

0
0
185

Талдыапан ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесу өтті

23 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин мен Артур Берденов үгіт-насихат жұмыстары аясында Талдыапан ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. Штаб өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасы мен жобаларын баяндап, түсіндіріп берді. Сонымен қатар үміткерлер Талдыапан ауылдық округіне қатысты партия тарапынан атқарылатын жұмыстарды да тілге тиек етті. Кездесу барысында сайлаушылар білім және медицина саласы мен кәсіпкерлік салаларына қатысты бірқатар сұрақтар қойып ұсыныстарын білдірді. Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
226