Мазмұнға өту

Жаңа

Арман Қырықбаев Атырау өңірінде

«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысымен танысып, алдағы жоспарларымызды жан-жақты талқыладық.

Жасотандық белсенді жастармен, өңірдің мәдениет, өнер өкілдерімен, штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен кездесулер өткіздік.

Айта кетейін, бір аптада «Nur Otan» сайлауалды штабының мүшелері ел көлемінде 7 мыңнан астам кездесу өткізіп, 650 мыңнан астам сайлаушыны тікелей қамтыды.

Осы уақытқа дейін штабтар жанындағы қоғамдық қабылдауларға тұрғындардан 2 мыңнан астам ұсыныс-тілек келіп түсті.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны қызып жатыр, алда атқарылатын жұмыс көп. Партияластарымыз жұдырықтай жұмылып, межелеген мақсатқа бірге жетеміз!

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
191

Үміткерлер тікелей эфирде

Құрметті жерлестер,аудан тұрғындары  ертең  яғни 19 желтоқсан  күні сағат 12:00 де Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат M.C.Тұрдығалиқызы   "Үміткерге сұрақ қой" партиялық акциясы аясында  аудандық партия филиалының   Facebook әлеуметтік парақшасында Тікелей эфир арқылы үгіт- насихат жұмыстарын жүргізеді.Үміткерге қояр сауал ,ұсыныс, пікірлеріңізді күтеміз!

0
0
184

Сайлауалды үгіт жұмыстары

Сайлауалды үгіт насихат кезеңінде шалғай елді мекендердіде қамтып 10 қаңтар сайлаудан тыс қалмау мақсатында ата кәсіппен айналысып отырған тұрғындарғада барып қайттық. Әр сайлаушының дауысы маңызды

Баршаңызды 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын!

0
0
137

Қабылдау бөлімінде үміткер Б. Бердалы желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер  Б. Бердалы  желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қойылған өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша болды.

Қойылған сұрақтарға заң аясында түсініктеме берілді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды.

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырыладындығы айтылды.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Қоағамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары, үміткерге сәттілік тілеп, партия тарапына алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
202

Қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер С. Батырбаев желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде үміткер  С. Батырбаев  желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қойылған өтініштердің басым бөлігі жұмыспен қамту саласы бойынша келіп түсті. Сонымен қатар партия тарапына ізгі тілектер айтылып, үміткер С. Батырбаевқа сәттілік тіледі.

Үміткер  С. Батырбаев  қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына және де  өтініш-тілектерге заң аясында түсініктеме берді. Жұмыссыздық мәселесін болдырмау үшін және де «Nur Otan» партиясының халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында  «Nur Otan» партиясы мынаған ықпал етеді:

деп бағдарламаны төмендегіше насихаттады:

✔️тез әзірленетін тағамдар өндірісін кезең-кезеңмен кеңейтуге («CG Foods Central Asia» ЖШС);

✔️майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару өндіріс орнын іске қосуға («Асыл бастау.kz» ЖШС);

✔️минералды су шығару цехын ашуға («Асыл бастау.kz» ЖШС);

✔️ қуаттылығы сағатына 1000 кВт кіші ГЭС жобасын жүзеге асыруға («Ынтамық» СТК);

✔️индустриялдық аймақта Көкөніс өнімдерін өңдейтін өндіріс орнын ашуға инвесторлар іздестіруге;

✔️ШОК саласындағы шағын жобаларды жүзеге асыруға;

✔️мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 11,6 млрд. теңгені құрайтын 130 жобаны іске асыруға ықпал етеді.

Бұл шаралар 2025 жылға 1,1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 108,0 мыңнан 135,0 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 5,0%-дан 4,7%-ға төмендетуге қол жеткізеді деп партияның Қазығұрт ауданы бойынша жасалған бағдарламасын насихаттады. Сонымен қатар Атамекен» ҰКП-мен

жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға;

✔️мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 400-ден аса азаматтардың гранттар (150) мен шағын несиелер (250) алуыға;

✔️«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге (кәсібін кеңейту, қызмет көрсету саласына) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 98,0%-ға жетеді.

Аталған жағдайлар уақытылы және сапалы орындалатын болса,жұмыссыздық деңгейі ауданда төмендейтіні түсіндірілді.

Қабылдау соңында 10 қаңтар күні болатын сайлауда, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
158

Үміткер Сауле Тұрдығалиқызының челленджі

Тәуелсіздік-бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең! 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен сал-дәстүрі, мәдениетімен экономикасы қалыптасты.  Мен,  Сәуле Тұрдығалиқызы 1991 жылы оқуымды тәмәмдап, алғаш еңбекке кіріскен жылы тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген екен.  Яғни, менің еңбек өтілім тәуелсіздікпен жасты.  Осы уақыт ішінде еліміз даму жолында көптеген тың өзгерістер болып,экономикасы дамыды.  Көркейіп гүлденді.  Көк туым мәңгі көк аспанда желбірей берсін!

#Челендж

0
0
161

Сенімді өкілдер желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

«Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлімінде сенімді өкілдер желілік кестеге сай қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақ, өтініш-тілектерге заң аясында түсініктеме берілді.

Қоғамдық қабылдауға түсіп-жатқан өзекті өтініштер әлеуметтік қолдауды талап етеді.

Әлеуметтік қолдауға байланысты,«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Тең мүмкіндіктер құрылатындығы көрсетілген. Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткішін 100% жеткізуге;

✔️ инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 34-тен 70-ке (100%) жеткізуге;

✔️ мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;

✔️ «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған кем дегенде 87 отбасыны тартуға;

✔️ халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;

✔️ демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;

✔️ әр ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Нәтижесінде егде жастағы, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жағдайы жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қолдау табады, инклюзивті білім алуға мұқтаж балалар 100% қамтылады және аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 14,0%-ға төмендейді.

Қабылдауға келген азаматтарға жоғарыда көрсетілген бағдарламаның бөліктері түсіндіріліп,алдағы науқанға қатысуға және де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
142

Шалғайдағы мекендерде де үгіт жұмыстары жалғасуда

"Қара-Арна"ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарына бет алдық. Аудандағы беделді шаруагер Әлімнің қыстағына да келіп жеттік. Көзге бірден ілінгені тоқ көзін күн сәулесінен алатын құрылғының тұрғаны. Бұлда шаруагерлерге жасалған қамқорлықтың бірі деп түйдік. Шаруашылық басындағы жас жігітті  сөзге тартып "Nur Otan" партияның сайлау алды бағдарламасымен таныстырдық. Ол көп нәрсеге қол жеткіздік беделді партияны қолдаймыз дей отыра өз ұсыныстарын ортаға салды.

0
0
150

Ауданда кезекті сессия отырысы

Аудан әкімдігінде алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезекті LIV сессиясының күн тәртібінде біраз өзекті мәселелер қаралды. Сәуле Тұрдығалиқызы тұрғындардың көкейтесті мәселелерін билікке жеткізу мақсатында азық-түлік бағасын тұрақтандыру,  онымен қоса пандемия кезінде жеке кәсіпкерлер яғни дәріханаларда дәрі дәрмек бағалары екі есеге қымбаттатып сатқаныны бәрімізге мәлім.  Соған байланысты бағаны тұрақтандыруға аса назар аударсаңыздар деген ұсыныс айтылды.

0
0
142